Отыншы Әлжанов

Отыншы Әлжановтың жұбайы – Нұржамилә Кемеңгерова (1882-1963 жж.) 

Отыншы Әлжанов Дүйсебай қажының қызы, өзінен 12 жас кіші – Нұржамилә Кемеңгероваға үйленген. Нұржамиләнің туған інісі Қошмұхамет Кемеңгеров. Отыншы мен Нұржамиләнің бір қызы және үш ұлы болған. Кенже баласы кішкентай  кезінде қайтыс болып, Бибіфатима, Мұхамедқасым және Ғалымжан деген балалары аман қалған. Нұржамилә 37 жасында жесір қалып екінші рет отбасын құрмаған.

Әлжанов өзінің қысқа ғұмыр кешетінін сезгендей әйеліне: «Нурушкаға, егер мен бір жаман жағдайға ұшырайтын болсам, барлық жинаған қаражатты балаларымыздың біліміне жұмсауға  уәде бер», – деп жиі айтқан. Жұбайы қайтыс болғаннан кейін, ол оған өсиет еткендей бәрін балаларының оқуына жұмсаған.

Отыншының отбасын сақтауға оның әпкесі Бықия үлкен көмек көрсеткен. Ол соңғы күндерге дейін Нұржамиләнің жанында болған. Нұржамилә да балаларының оқуларына  ыңғайлы жерде тұруға тырысқан. Алдымен олар Лепсі қаласындағы 3 – ші сынып училищесінде, кейін 2 – ші сынып ерлер училищесінде оқыды.

Мұхамедқасым Отыншыұлы

Үлкен ұлы Мұхамедқасым (Мұқаш) Зайсандағы гимназияны бітіргеннен кейін Омбыдағы қаржы курстарына оқуға түсіп, осы мамандық бойынша өмірінің соңына дейін қызмет етеді. Гүлшақармен  отбасын құрып одан Нұрсағила мен Сәуле деген  екі қызы дүниеге келеді. Нұрсағила. Төлебаевпен (Мұқан Төлебаевтың туған ағасы) некеде тұрып, екі ұл – Айдар мен Ануар, төрт қыз – Майра, Дина, Бақыт және Гүля туады.

Бибіфатима Отыншықызы (1902-1983)

Отыншының қызы – Бибіфатима екі ұлы-Ертай мен Заманбекті, сондай-ақ екі қызы-Хамида мен Розаны дүниеге әкелген.

Бибіфатиманың ұлы Ертай Төлемісов педагогика ғылымдарының академигі, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі болды. Ертайдың жұбайы Сәуле екеуінен қыздары Гүлфарида мен Лаура дүниеге келген.

Сәуле экономика ғылымдарының кандидаты диссертациясын қорғаған. 50- щі жылдардың аяғы мен 60-жылдардың басында Ақтөбе қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары (әкімнің орынбасары), Қазақ КСР Қаржы министрлігі өнеркәсіп басқармасының басшысы, Қазақ политехникалық институтының экономика факультетінің деканы, В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ партия хатшысының орынбасары болды.

Ғалымжан Отыншыұлы (1909-1965) 

Екінші ұлы Ғалымжан гимназияны бітіргеннен кейін Ташкент ауылшаруашылық институтына оқуға түсіп, оны 1936 жылы бітіреді. Содан кейін ол Ленинград университетінің шығыстану факультетіне оқуға түседі. Мұнда ол өзінің досы және жерлесі Әлкей Марғұланмен бар болғаны  2 жыл бірге оқиды. Олар 1938 жылға дейін жатахананың бір бөлмесінде бірге тұрды. Дәл осы жылы Алаш Орда Үкіметі мүшесінің ұлы ретінде НКВД-ның адамдары Ғалымжанның ізіне түседі.

Ғалымжанды халық жауы деп атап Ташкентке жер аударып жібереді. Жол жүру шарттары өте қиын  және қорқынышты болды. Поездағы барлық жер аударылғандар аштықтан және желтоқсанның суығынан зардап шеккен. Жолда адамдар қайтыс болды. Әр аялдамада бақылаушылар адамдарды тексеріп, өлгендердің мәйіттерін тазалап, ауыр науқастарды станцияда қалдырды.

Ғалымжан Орынбор темір жолының Шалқар стансасына дейін жетіп, қадағалаушылар оны қатты ауырған күйде және жартылай ессіз жағдайда   оған «өмір сүргің келсе-милицияға барып, тіркеліңдер»  деп поездан лақтырып жібереді. Бірақ ол өлімнен аман қалады. Оны  дәрменсіз отырған жерінен  кезекті сапардан келе жатқан  станцияның паровоз машинисі П.Таран көреді. Ол интеллигент, бірақ лас киінген, айналасына дәрменсіз қарап тұрған жас қазақ жігітін байқайды. Ол оның бұл өңірден еместігін және өте қатты ауырып тұрғанын көреді. Петр Таран Ғалымжанды сауыққанға дейін, НКВД органдарында тіркелгенге дейін және жұмысқа орналасқанға дейін өз үйінде қалдырды. Бұл адамның қамқорлығы, мейірімділігі Ғалымжанның  бүкіл өмірін есіне түсіреді.

Ғалымжан 1941 жылы Шалқар аудандық ауылшаруашылық бөлімінде аға агрономы болған. Алайда, оның фамилиясының жанында әрдайым тұрған “жер аударылғандар” деген аты әрқашан НКВД қызметкерлерін ол адамына қырағы болуға жұмылдырды. Сонымен бірге Ғалымжанның жер аударылғанын ескере отырып оны Отан қорғауға лайық емес деп әскер қатарына алмады.

1943 жылы НКВД қайраткерлері оны саяси жер аударылғандар ретінде облыстың шалғай ауданына Ойыл ауылына ауыстыруға шешім қабылдады, дегенмен ол маман ретінде Шалқар ауданында өзін жақсы жағынан көрсеткен.

Мұнда ол Сталин қайтыс болғаннан кейін 1953 жылы саяси  жалпыға бірдей рақымшылық қабылданғанға дейін жұмыс істеген. Агроном ретінде ол өз саласында басқарудың инновациялық әдістерін насихаттаушы болуға тырысты. Осылайша Ақтөбе облысы Ойыл ауданының бас агрономы бола тұра, ол Ақ тарының жаңа сортын шығарды, оны шығаруға тіпті авторлыққа да рұқсат етілмегендіктен селекционер Чаганак Берсиевтің атынан шығарған. Сондықтан Ғ.Әлжанов бұл адам туралы кітап жазып, публицист ретінде танымал болды. 1950-1955 жылдары кеңестіктегі селекциялық жұмыстарды білгені үшін Ғалымжан Әлжановты Мәскеудегі Бүкілодақтық көрмеде Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы павильонының басшысы етіп тағайындады.

Мұнда ол Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы бойынша үлкен насихат жұмыстарын жүргізді. Кейінірек, өзінің публицистикалық жұмысы үшін КСРО Журналистер Одағының мүшесі атағына ие болды.

Ғалымжан Әлжанов анасы айтқандай, әкесіне ұқсаған. Сондай-ақ ұзын бойлы, сымбатты, әдемі, көңілді және өте ақылды болған.

Ғалымжан Әлжановтың Әлкей және Рахан сынды екі ұлы, Нұрила,  Халида, Әсия есімді үш қызы бар.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Альжанова С., Тулемисова Г. Отыншы Альжанов – «Беркут Алаш-Орды». – Алматы, Фонд А. Сарсенбайулы, 2008. – стр. 132-134
  2. Дулатов М.”Тағы құрбан (Отыншы Әлжанов)”: саясат жолында басшылық еткен азамат туған жерінде неге ұмыт қалуға тиіс // Дидар. – 2010. – 29 мамыр. – Б.5
  3. Каримов М. Отыншы Әлжанов // Абай мұражайының хабаршысы. – 2017. – №2. – Б. 44-51
  4. Қапева А., Әлжанова С. Отыншы Әлжанов // Қазақ тарихы. – 2001. – №6. – Б. 53-57, 2001.- №5.- Б.47-52, 2001.- №3.- Б.58-64
  5. Мұхтарханқызы З. Отыншы Әлжанов – Алашорда қыраны: (Биыл Алаш қозғалысына 100 жыл толады. Алаш қайраткері Отыншы Әлжанов туралы не білеміз?) // Мәдениет. – 2017. – №4. – Б.58-60.

Интернет-ресурстары

http://bibliotekar.kz/chitat-knigu-onlain-otynshy-alzhanov-ber/potomki-otynshy-alzhanova.html