Айдархан Тұрлыбаев

Айдархан Тұрлыбаевтың жұбайы Сағида Мұхамедрахымқызы Қарабалина

(1888-1966)

Сағида Мұхамедрахымқызы Қарабалина 1888 жылы Петропавл қаласында дүниеге келген. 1907 жылы Айдархан Тұрлыбаевқа тұрмысқа шығады. Бұл некеден төрт баласы болған.

София Айдарханқызы Тұрлыбаева – Берденова (1909-1985 ж.)

Ризахан Айдарханұлы Тұрлыбаев (1912-1940 ж.)

Муратхан Айдарханұлы Тұрлыбаев (1914-1970 ж.)

Лейле Айдарханқызы Тұрлыбаева – 1923 ж.

 

София Айдарханқызы Тұрлыбаева – Берденова (1909-1985 ж.)

 1930 жылы София Тайжан Берденов деген журналистке тұрмысқа шығып, тойлары Қызылжарда өтті. Eкeyi сол қалада қызмет істеп жүрген кезінде дүниеге eкi баласы дүниеге келді.  Алдан – 1931 және Сүният – 1933 жылғы.

1937 жылы күйе баласы Тайжан Берденовті ұстайды.

1938 жылы Софияны сегіз жылға соттап «Алжир»  лагеріне отырғызады.

1946 жылы босатылып, Омбыға келді. Ақталған шешімді  тек 1956 жылы алып, жанұясын асырау үшін түрлі қызмет істейді.  Оған қоса қоғам жұмысына белсене араласып, талай сыйдың иerepi болды. Зейнетке шыққанда дербес (персональная) зейнетақы алып тұрды.

Басынан кешкен азапты жылдар тегін кете ме, денсаулығынан айырылған София 1985 жылы қайтыс болды.

 

Ризахан Айдарханұлы Тұрлыбаев (1912-1940 ж.)

Айдарханның екінші баласы Ризахан 1940 жылы дүниеден өтті.

 

Мұратхан Айдарханұлы Тұрлыбаев (1914-1970 ж.)

 Мұратхан Айдарханның үшінші ұлы, орта мектепті бітірісімен, 1936-1937 жылдары Ленинградтағы жоғары әскери-теңіз училищесінде (Высшее военно-морское училище им. Фрунзе) оқыды. «Халық жауының» баласы деп 1937 жылы екінші курсынан қуылды. Алматыға оралып, жұмысқа тұрып, ұзақ жылдар бойы КазГУ-дің бас бухгалтері қызметін атқарды. 1970 жылы науқастан қайтыс болды.

 

Лейле Айдарханқызы Тұрлыбаева – 1923 ж.

 Лейле Айдарханқызы Тұрлыбаева – 1923 жылы туған.  Алматы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетін бітірді. Алғаш Алматы Халық шаруашылығы институтында (Институт народного хозяйства) аға оқытушы болды. Одан КазГУ-де неміс тілінен дәріс жүрізді.  Ләйле зейнеткер.

Әдебиеттер тізімі:

 Дулатова Г.М. Алаштың сөнбес жұлдыздары. Естелік-эссе.-Алматы: Мектеп, 2023-264 б.

https:// kk.wikipedia.org./wiki/Айдархан_Тұрлыбаев