Шоқай Мұстафа (1889-1941)

15Мұстафа Шоқай – (25 желтоқсан 1889, қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылы – 27 желтоқсан 1941, Берлин) –Алаш қозғалысы қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист. Оның ата-бабалары Қыпшақ-Бошай тегінен шыққан дала аристократтары еді. Мұстафаның атасы Сырдария аймағының Хиуа хандығын билеуші, ал әкесі  халыққа беделді билердің бірі болған.

Бастауыш білімді ауыл мектебінде, орта білімді Ташкенттегі орыс гимназиясынан алады да, Петербург университетін құқықтану мамандығы бойынша үздік бітіреді. Студент шағынан қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, түркі-мұсылман студент жастарының қозғалысына  қатысады. 1917 жылы сәуірдің 16-21-і аралығында  Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1-ші сиезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланады. Ол Ресейдегі «Бірлік туы» газетінің негізін қалаған алғашқы редакторы болды.  Түркістан өлкесі жергілікті халқының мүддесін қорғауды мақсат еткен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін құрылған «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне» төрағалық етті. Бірінші жалпықазақ сиезіне қатысып, Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттар кеңесі жергілікті халықтың өзін-өзі басқару құқығын мойындаудан бас тартып,  қарашаның 15-22-інде өткен кеңестердің 3-ші сиезі қабылдаған «Өлкедегі барлық билік еуропалық нәсіл өкілдерінен кұралған Түркістан Халық комиссарлар кеңесіне көшеді» деген қаулысын Мұстафа Шоқай нағыз әділетсіздік деп бағалады. Ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдарды кеңестердің қырына алуына байланысты Мұстафа Шоқай жетекшілік еткен «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі» Ташкенттен Қоқанға көшіп, онда өлке мұсылмандарының төтенше сиезін тез арада өткізу ісін қолға алды.

1917 жылы қарашаның 28-інде өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының төтенше 4-сиезінің төралқасына басшылық етті.  Осы сиез шешімімен құрылған Түркістан (Қоқан) автономиясының 54 адамнан тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына сайланды және жаңа Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі болды. Уақытша үкіметінің төрағасы М.Тынышбаев қызметінен кеткеннен кейін оның орнына Мұстафа Шоқай ұсынылды. Ол сондай-ақ 1917 жылы желтоқсанда  Екінші жалпықазақ сиезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Сиез аяқталғаннан кейін Мұстафа Шоқай біртұтас автономия құру мәселесін қарау үшін Сырдария қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті қайраткерлерге жеделхат жолдады. 1918 жылдың бас кезінде өткен Сырдария облысы қазақтарының сиезі «Алашорда өз алдына автономия жариялап, Түркістан (Қоқан) автономиясымен одақ болса, Сырдария қазақтары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіреді» деген қаулы қабылдады.

Қоқан қаласын большевиктер жаулап алып, Түркістан (Қоқан) автономиясын құлатуына байланысты Мұстафа Шоқай шет елге эмиграцияға кетуге мәжбүр болады. Шетелдік эмиграция жылдарында көптеген қиыншылықтарды жеңе отырып, ол кең ауқымды, терең мазмұнды саяси күрес жүргізді. А.Керенскийдің «Дни» және П.Милюковтың «Последние новости» газеттерінде қызмет атқарды.  1927 жылдан Зәки Уәлиди Тоғанның редакторлығымен Парижде шығып тұрған «Иени Түркістан» журналына атсалысып, «Туркестан милли бирлиги» («Түркістан ұлттық бірлігі») ұйымына жетекшілік етті. Эмиграцияда жүрген түркі-мұсылман халықтарының Ә.Топчибашев және Г.Исхаки секілді өкілдерімен жиі араласып, пікірлес болды. Оларды Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарын азаттыққа жеткізуде күш біріктіре әрекет етуге үндеді. 1929 жылы «Яш Туркестанда» Түркістан халқының мәдениеті, кеңестік биліктің бұл өлкедегі саясаты және 2-дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар, т.б.тақырыптарда  зерттеу мақалаларын жазды. 1940 жылы Парижге неміс әскері кіргенде, Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып, бірнеше ай концлагерьде отырып шығады. 1941 жылы  Мұстафа Шоқай  Берлиндегі «Виктория» ауруханасында күмәнді жағдайда көз жұмып, қаладағы мұсылмандар зиратына жерленді.

Францияның Ножан-сюр-Марн (Валь-де-Марн департаменті) қаласында қазақ ұлт өкілдерінің қатысуымен ескерткіш тақта орнатылған. Алматы қаласында Мұстафа Шоқай есімімен аталатын көше бар. Қызылорда қаласындағы Экология университетіне Мұстафа Шоқай есімі берілген. Қайраткердің туған ауылына ескерткіш қойылған.

Әдебиеттер:

  1. Алаш. Алашорда: энциклопедия / құраст. Ғ.Әнес, С.Смағұлова. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – Б.247-251
  2. Бегманов Қ. Мұстафа Шоқай жолымен: кітап-альбом. – Алматы: «Сораба» баспасы, 2013. – 466 б.
  3. Қыдырәлі Д. Мұстафа. – Астана: «Деловой мир Астана», 2012. – 276 б.
  4. Мұстафа Шоқай // Қазақстан тарихы. – Алматы: «Аруна» ЖШС, 2006. – Б.585-588
  5. Мұстафа Шоқай ешкімнің алдында кінәлі емес // Қойгелдиев М. Тарих-күрес алаңы: мақалалар, сұхбаттар. – Алматы: «Қаратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015. – Б.313-319
  6. Шоқай М. Таңдамалы шығармалар: үш томдық. – Алматы: «Қайнар» баспасы,  2007.

Т.1. – 352 б.

Т.2. – 392 б.

Т.3. – 384 б.

***

 

  1. Абдухалиева С. Мұстафа Шоқай – Тәуелсіздік жаршысы: зерттеулер / С. Абдухалиева, Н. Ислямова // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. – 2012. – № 6 (116). – Б. 3-12
  2. Атабаев Б. Наршоқыда туған ұл. Ножан Сюр-Марн төрінде // Қазақ елі. – 2011. – №3-4. – С. 7.
  3. Атабаев Б. Қызылордада Мұстафаның ескерткіші неге жоқ? // Егемен Қазақстан. – 2004. – 28 желт. – Б.8
  4. Атабай Б. Халық жадында қайта жаңғырған ұлы есім // Егемен Қазақстан . – 2016.- 22 желтоқсан (№ 246). – Б.8
  5. Аяған Б. Бұл адамның есімі Мария Шоқай кітабынан алынды // Егемен Қазақстан. – 2014. – 30 шілде
  6. Аян. Мәңгілік мұрат: тарих // Заман Қазақстан. – 2004. – 17 қырк. – Б.14
  7. Әбіласан Ә. Мұстафа Шоқайдың жарияланбаған хаттары // Тарих Қазақстан мектебінде. – 2014. – № 1 (43). – Б.33-44
    1. Әділхан, Мақсат. Мұстафа Шоқай Әмірені көргенде жылап жіберіпті : Өркениет / М Әділхан // Республика ұстаздары. – 2014. – № 15-16 (268) тамыз. – Б. 7 ; Республика ұстаздары. – 2014. – № 17-18 (270) қыркүйек. – Б. 3
  8. Әли Ф. Мұстафа Шоқайдың адал достары немесе Алманияда басталып, Түркияда қайта тоғысқан тағдырлар / Ф. Әли // Ана тілі. – 2010. – 13-19 мамыр. – С. 6-7

 

  1. Бағдатова С. Түркиядан құнды деректер табылды / С. Бағдатова // Қазақ тарихы. – 2015. – №1. – Б. 17
  1. Байділдаева М. Алаштың алып тұлғасы – Мұстафа Шоқай // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. – 2011. – №5. – С.77-87
  2. Бегманов Қ. Мұстафа Шоқай қай жылы туылған? // Дәстүр. – 2014. – №3. – Б.2-4
  3. Бегманов Қ. Түркістан – тағдыр: тарихи дастан // Егемен Қазақстан. – 2016. – 9 сәуір (№ 67). – Б.9
  4. Бегманов Қасымхан Түркістан – тағдыр: Бастау; Мухторият; Батуми. Түнгі жаңбыр; Ех, Ыстамбұл, Ыстамбұл; Мұстафа Шоқайдың монологы; Берлин. Бейіт басында: Тарихи дастан // Егемен Қазақстан . – 2016.- 9 сәуір (№ 67). – Б.9
  5. Бердібай Р. Мұстафа Шоқай арманы: Ғұмырдария // Парасат. – 2001. – №8. – Б.4-6
  6. Бәкір Ә. Мұстафа Шоқай және Тәуелсіздік // Егемен Қазақстан. – 2015. – 10 қазан (№ 194). – Б.7
  7. Бәкір Ә. Түркі дүниесінің перзенті // Егемен Қазақстан. – 2015. – 5 қараша (№ 212). – Б.11
  8. Бәкірұлы Ә. Париждегі құпия кездесу // Ертіс өңірі. – 2004. – 13 мамыр. – Б.28
  9. Дәулетхан Ә. Қайраткерді қаралау кімге қажет?: көзқарас // Айқын. – 2011. – № 161 (1828) 1 қырқүйек. – Б.30
  10. Есмағамбетов К. “Яш Түркістан” журналы – тәуелсіздік жаршысы Париж Мұстафа Шоқайдың 120 жылдығын тойлатты // Ана тілі. – 2010. – 14-20 қаңтар. –  Б.1-11
  11. Есмағамбетов К. Герцогиня Атольскаяның салонындағы қазақтар жайлы әңгіме: Мұстафа Шоқайдың өткен ғасырдың 20-30 жылдары Ұлыбританияға сапары // Егемен Қазақстан. – 2010. – 26 мамыр. –  Б.9
  12. Есмағамбетов К. Гайак қаласында туып, қазақ даласын кезген француз: Жозеф Кастанье мен Мұстафа Шоқай достығы туралы сыр // Егемен Қазақстан. – 2005. – 26 қаңт. – Б.9
    1. Есмағамбетов К. Соғыс тұтқындары мәселесі әлі де қоғам назарында / Есмағамбетов К., Ахмет А. // Егемен Қазақстан . – 2012. – 9 мамыр
  13. Жанпейсов А. Мұстафа Шоқай (халық даналығы) // Сарбаз. – 2008.- 19 қыркүйек.
  14. Жаханова Ә. Мұстафа Шоқай – тәуелсіздік жаршысы: тәрбие сағаты // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. – 2005. – №2. – Б.65-70
  15. Жүкенқызы Т. Түркістаннан ұшқан ақиық // Мектептегі сыныптан тысжұмыстар. – 2011. – №1. – Б.24-27
  16. Жұртбай Т. Біртұтас Алаш идеясы және Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы // Шәкәрім. – 2014. – №2. – Б.46-49
  17. Исахан Ғ. Қайғы жұтқан хаттар // Егемен Қазақстан . – 2015. – 27 мамыр (№ 97). – Б.12
  18. Исахан Ғ. Қайғы жұтқан хаттар : Азап лагерьлеріндегі тұтқынға түскен қазақ жауынгерлері Мұстафа Шоқайдың көмектесуін сұрап хат жазған // Егемен Қазақстан . – 2015.- 27 мамыр (№ 97). – Б.12
  19. Исахан М. “Түркістан легионының” құпиясы немесе Мұстафа Шоқайдың орындалмаған арманы // Заман Қазақстан. – 2010. – 6 мамыр. – Б.1,8
  20. Исхахов Салават “Біз тілеген” орыс революциясы” бізді қапыда қалдырды” деген Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарасы жайында: тұлға // Түркістан. – 2010. – 5 тамыз. – Б.4
  21. Кішібеков Д. Мұстафа жолы / Д. Кішібеков // Қазақ әдебиеті. – 2011. – 4 наурыз. – Б.3
  22. Кішібеков Д. Мұстафа Шоқай кім еді?: Тұлғалар тұғыры / Д Кішібеков, Т Кішібеков // Ақиқат. – 2011. – № 2. – Б.28-31
  23. Қыдыралиев Д. Түркістанның тәуелсіздігі жолында күрес // Қоғам және дәуір. – 2010. – №3. – Б.90-94
  24. Қыдыралина Ж. Түркістанның тәуелсіздігі идеясы мен Мұстафа Шоқай // Қазақ тарихы. – 2012. – №4. – Б.5-9
  25. Қыдырәлі Д. “Прометей” қозғалысы және Мұстафа Шоқай // Мәдени мұра. – 2011. – №6. – Б.24-26
  26. Мінәжәт: Өлең М.Шоқайдың аруағына бағышталды / Нұржан С. // Жұлдыз. – 2001. – №11. – С. 23-27
  27. Мүрсәлім Б. Әлихан мен Мұстафа // Ертіс өңірі. – 2011. – 9 ақпан. – Б.12
  28. Мұстафа Шоқайдың білім алған ортасы : Қазақстан тарихы: жаңа ізденістер мен проблемалар / А. И. Исмаилов, С. Н. Әлібек // Отан тарихы. – 2007. – № 4. – Б.88-91
  29. Мұстафа Шоқайдың хаттары : қоныс // Түркістан. – 2010. – 29 сәуір. – Б.6-7
  30. Мұхамадиұлы М. Әлихан Бөкейханұлы. Мұстафа Шоқайұлы // Ертіс өңірі. – 2003. – 25 желт. – Б.25
  31. Нұрмахан Е. Ұлыларын ұлықтаған сыр елі // Қазақстан әйелдері. – 2015. – №12. – Б.30-14
  32. Нысанбаев, Әбдімәлік. Мұстафа Шоқай – тәуелсіздік жаршысы : Тағзым / Ә. Нысанбаев // Қазақ әдебиеті. – 2003. – 14 қараша. – Б.6-7
  33. Панзабекұлы К. Біз Мұстафа Шоқайды қастерлей алдық па? // ХХІ ғасыр. Қазақ елі. – 2001. – №14. – Б.4-5
  34. Сәдібекұлы А. Жалғыз эмигрант: Рух // Түркістан. – 2013. – 24 қаңтар. – Б.9
  35. Сәулебекова. Ұлт-азаттық көтеріліс басшылары және Алаш қозғалысының жетекшілері: мұғалімге көмек // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. – 2012. – № 3 (113). – Б.82-86
  36. Смағұлова С. Мұстафа Шоқай тағылымы: Алаш арысы // Түркістан. – 2009. – 21 мамыр. – Б.7
  37. Сүлейменов П. Мұстафа Шоқай: көзқарас эволюциясы // Қазақ әдебиеті . – 2016.- 5 – 11 ақпан (№ 5). – Б.11
  38. Тлеубердинов Қ.А. (ізденуші). Мұстафа Шоқайдың дүниетанымдық көзқарастары // Отан тарихы. – 2008. – №4. – Б.80-90
  39. Тоқсанбай Қ. Шоқайдың соңғы құжаттары // Егемен Қазақстан. – 2010. – 29 желтоқсан. –  Б.6
  40. Тоқтарбай Е. Мұстафа Шоқай алаштың жауы емес!. // Қазақстан заман. – 2015. – 26 қараша. – Б.5
  41. Фадли Ә. Мұстафа Шоқай және оның достары // Түркістан. – 2003. – 12 маусым. – Б.6
  42. Шульгин А. Мұстафа Шоқай би Шоқайұлын еске түсіру: Шоқай ұлын еске түсіруге арналған салтанатты мәжілістегі профессор Александр Яковлевич Шульгиннің созі. Париж, 8 ақпан, 1942 жыл / орыс тілінен аударған Е. Төреқұлов // Ақиқат. – 2014. – №7. – Б.58-67
  43. Ысымұлы, Ақайдар. Түрік әлемі көсемінің арманы // Түркістан. – 2013. – 27 маусым. – Б.9
  44. Яшар Д. Мұстафа Шоқайдың арманы орындалды / Яшар Динч, Ж. Тойбек // Қазақстан заман. – 2016. – 14 сәуір

https://kk.wikipedia.org/

http://semeyainasy.kz/

https://sputnik.kz/spravk

https://www.azattyq.org/