Халел Ғаббасов

Халел Ғаббасовтың жары – Рәмия (т.ж.б-ө.ж.б)

Рәмия – Халел Ғаббасовтың жары. Өте текті жерден шыққан, тәрбиелі жан болған. Тобықтының қызы. (Ақынның немере інісі Берікбол ақсақалдың естелігі бойынша есімі – Рәмия. Ал Г.Дулатованың естелігінде Мәрзия деп берілген). Халел екеуі  екі ұл, бір қызды дүниеге әкелген. Ұлдары – Қадыр, Забен. Қызының есімі туралы ақпарат жоқ. Кейбір деректерде  1926 жылы Халелдің өз қолымен толтырған анкетада екі қызы бар деп көрсетіледі…Есімдері жазылмаған.

 

Қадыр Халелұлы Ғаббасов (т.ж.б- 1960)

Қадыр Халелұлы Ғаббасовтың сүйегі – Орта жүздегі Тарақты, оның ішінде – Әлі. Ата-бабаларының қонысы – Шыңғыстау, Ақбұлақ, Дегелең. Сүйегі – Орта жүздегі Тарақты, оның ішінде- Әлі. Қадыр Халелұлы Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан бір қолынан айырылып, протез салдырған. Мамандығы – бухгалтер, есепші. Соғыстан қайтқан соң, мамандығы бойынша қызмет атқарған. Жұбайы татар ұлтынан. Өте сұлу жан болыпты-мыс. Оның артынан еріп келген екі қызы болған. Қадыр екеуінің ортақ некелерінен бала болмаған.

Қадыр Халелұлы – 1960 жылдардың басында дүние салған. Соңында ұрпақ қалмаған.

 

Забен Халелұлы Ғаббасов (т.ж.б-ө.ж.б)

Забен Халелұлы Ғаббасов туған жылы белгісіз, соғыс жылдарында  ауырып қайтыс болған. Үйленбеген.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Баязит Б. Халел Ғаббасов әулеті // Айқын. – 2017. – 1 сәуір. – Б.6
  2. Қасым А. Халел Ғаббасовтың інісі болғаны үшін әкем көп қуғын көрді // Егемен Қазақстан. – 2018. – 25 қыркүйек

3.Теміров Б. Халел Ғаббасов: тарихи-деректі очерк // Ертіс өңірі. – 2018. – 21 ақпан. – Б. 12; Ертіс өңірі. – 2018. – 7 ақпан. – Б. 12; Ертіс өңірі. – 2018. – 14 ақпан. – Б. 12

Интернет ресурстары

http://tobyl-torgai.kz/2018/08/28/4075