Итбаев Ережеп (1883- ө.ж.б.)

Итбаев Ережеп – Алаш қозғалысының қайраткері. 1883 жылы дүниеге келген, өлген жылы белгісіз. Омбы гимназиясын бітірген. Томск университетінде бір жыл оқыған. Кереку және Қарқаралы уездеріндегі жер қатынастарын зерттеген Ф.А.Щербина экспедициясына (1897-1898) қатысқан. 1900-1917 жылдары Қарқаралы уезі бастығы кеңесінің, Ақмола округтық сотының тілмашы болған. 1917 жылдың басында мемлекетік қызметтен өз еркімен босап, қоғамдық істермен, Алашорда жұмыстарымен айналысты. Ақмола облыстарының қазақтарының съезін (Омбы, 1917 жылы сәуір-мамыр) ұйымдастырушы және басқарушысы, Алашорданың Ақмола облыстық кентінің белсенді мүшесі болды. «Алаш» партиясының Омбы қалалық ұйымынан Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылды. Томск қаласында 1917 жылы 8-15 қазанда өткен Жалпы сібірлік съезде Сібір кеңесінің құрамына, ІІ жалпықазақ съезінде (Орынбор,1917 жылы 5-13 желтоқсан) Алаш автономиясының Халық кеңесіне кандидат болып сайланады.

Әдебиеттер:

Алаш. Алашорда: энциклопедия / құраст. Ғ.Әнес, С.Смағұлова. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – Б.190
Итбаев Ережеп // Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Сардар, 2014. – Б.219