Сейдалин Асхат (1898-1937)

07

Сейдалин Асхат (Азгат) Фазылұлы (1898-1937) – Алашорда үкіметінің мүшесі. Әкесі патша заманында 30 жылдай болыстық қызметте болған. Омбы гимназиясын бітірген. «Алаш» партиясының мүшесі ретінде контрреволюциялық Колчак лагерінде кызмет еткен. Алаш зиялыларымен тығыз байланысып, Омбы қаласынан М.Дулатовты большевиктердің қолына түсуінен құтқарып, құтылып кетуіне жағдай жасаған.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1920 жылы БК(б)П қатарына өтіп, КАКСР жерге орналастыру Халкомының кадрлар басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Әдебиеттер:

Сейдалин Асхат // Алаш. Алашорда: энциклопедия / құраст.: Ғ.Әнес, С.Смағұлова.- Алматы: Арыс баспасы, 2009. – Б.285-286