Сәтпаев Әбікей (1881-ө.ж.б)
Сәтпаев (Зейінов) Әбікей (Әбухұрайра) Зейінұлы (1881, Павлодар уезі, Ақкелін болысы – ө.ж.б.) – Алаш қозғалысының көрнекті өкілі. 1904-1908 жылдары Семей мұғалімдер семинариясында оқып, білім алған. 1908-1910 жылдары Павлодар уезі болыстарында, 1910-1917 жылдары Павлодардағы 2 сыныптық орыс-қазақ училищесінде ұстаздық етті. 1917 жылы Орынборда өткен I жалпықазақ сиезіне қатысып, Петроградта өтетін жалпы мұсылман кеңесіне өкіл ретінде және Құрылтай жиналысына Ақмола және Семей облысының Алаш партиясы атынан депутаттыққа кандидат болып сайланған. 1918-1920 жылдары Семей облыстық Земство басқармасының мүшесі, әрі оқу бөлімінің меңгерушісі, Семей облыстық Алашорда Кеңесінің мүшесі және Уақытша Сібір үкіметінің Әскери штабының жанындағы Алашорда өкілі кызметтерін атқарған.
1920-1921 жылдары Семейдің губерниялық халыққа білім беру бөлімінің төрағасы, өзі оқыған мұғалімдер семинариясында оқытушы, 1922-1927 жылдары Семей педагогикалық техникумының директоры қызметтерін атқарды. 1927 жылдың соңында Омбының жұмысшылар факультетінде оқытушы болды. 1930 жылы Алашорда қозғалысына қатысқаны үшін қатаң сынға түскеннен кейін Қырғызстанға көшіп, Бішкек қаласындағы педагогикалык институтта жұмыс істеді. «Таң», «Сана» сияқты басылымдарда оқу-ағарту мәселелеріне арналған бірқатар мақалалары жарияланған. 1937 жылы алашордашы ретінде тұтқындалып, ату жазасына кесілген.
Әдебиеттер:
- Сәтпаев Әбікей // Алаш. Алашорда: энциклопедия / құраст.: Ғ.Әнес, С.Смағұлова. – Алматы: Арыс баспасы, 2009. – Б.285
- Сәтпаев Әбікей Зейінұлы // Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы: энциклопедиялық анықтамалық // Алматы: «Сардар» баспасы, 2014. – Б.357-358
- Алаштың білім ордасы [Мәтін] / бас ред: Ш. А. Жанаева. – Семей : Тенгри, 2013. – 293 б.
- Тілешов, Е. Алаш қозғалысы: энциклопедиялық анықтамалық / Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы. – Алматы: Сардар, 2014. – 528 б. – Сәтпаев Әбікей Зейінұлы: б. 357-358.
- Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы. – 2014. – Сәтбаев Әбікей Зейінұлы. – Б.673
Мақалалар
- Садыкова К. Ж. Әбікей Зейінұлы Сәтбаев / К. Ж. Садыкова, А. М. Садыкова // Ғылыми журнал С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. – 2004. – № 1. – Б. 32-42
- Жақсыбаев С. Есімі ел есінде: Ә. Сәтбаев туралы // Сарыарқа самалы. – 2008. – 19 ақпан. – Б.5
- Жанаева Ш.А. Семейдің мұғалімдер семинариясы және Сәтбаевтар әулетінің үш өқілі // Қазақ әдебиеті. – 2009. -10-16 сәүір. – Б.10.
- Утюбаев Е.Ш. Әбікей Зуйінұлы Сәтбаевтың өмірі мен қызметі // Арнайы басылым Қазақстан педагогикалық хабаршысы “Мәшһүр-Жүсіп мұрасы : таным және тағылым” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдар жинағы. – 2009. – № 2. – Б.192-198
- Мұзафаров Б.Н. Әбікей Сәтбаев аса көрнекті ұстаз-ағартушы / Б. Н. Мұзафаров, Е. К. Рахимов // Академик Қ. И. Сәтбаевтың 110-жылдығына арналған “Ғылым және білім: іргелі негіздері, технологиялары және инновациялары” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Т.2. – Павлодар: ПМПИ, 2009. – Б.102-106
- Сәтбаев Әбікей – Алашорданың Семей облыстық комитетінің мүшес // Восточная Алашорда. Сборник документов / сост.: Е.Б. Сыдыков и др. – Семей, 2010. – 425 б. – Сатбаев Абикей. – Б.54,97
- Садыкова К. Әбікей Сәтбаев – ұстаздардың ұстазы // “ІХ Седельников оқулары. Көптілділік: қазіргі хал-ахуалы және болашағы” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Т.1. – Павлодар: ПМПИ, 2011. – Б.309-315
- Хамитова М. А.Қазақ зиялылары және ұлттық рухани көзқарастар табиғаты // Отан тарихы. – 2015. – № 3. – Б.100-109