Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931)
Жүсіпбек Аймауытов – жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі, романшы, жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші, публицист.
Жастайынан арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренген Жүсіпбек 1914 жылы Павлодардағы орысша-қазақша екі сыныптық мектепті бітіреді. Осыдан кейін біраз уақытын ол ауылда бала оқытумен, Баяндағы мектептің үшінші класында оқуын жалғастырумен өткізеді. Содан 1911 жылы Керекуге келіп, екі класты орыс-қазақ мектебіне орналасады. Әуелі сол мектепте, кейін интернатта білім алып, 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түседі, осы Семейдегі оқытушылар семинариясында тәлім алып, 1919 жылы бітіріп шығады. Жүсіпбектің алашордашылардың істеріне араласатыны да осы кез. Семейде ол «Абай» журналын шығаруға ат салысады.
1919 жылы Жүсіпбек алашордадан бөлініп, Совет өкіметі жағына шығады. Коммунистік партияның қатарына кіреді. Семейде, Павлодарда партия, совет жұмыстарын атқарады. 1920 жылы Қазақстан Советтерінің Құрылтай съезіне делегат болып қатысады. Содан кейін Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатында басшылық қызметте қалады. 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып ауысады. Кейін «Қазақ тілі» газетінің редакторы болып істейді. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болып, 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында қызметтер атқарады. 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры болады. Ара-тұра сол кездегі саяси науқандарға араласады. Торғай уезінің ашыққан халқына жәрдем ұйымдастырып, жиналған малды «өзі пайдаланып кетті» деген жаламен жауапқа тартылып, артынан ақталады. қылмысты іс қозғау жайында қаулы қабылдамастан-ақ бірден айыптау мақсатына кіріскен. 14 адамның бәрі де тұтқындау үшін жеткілікті негіз боларлық айыптары жоқ болса да, прокурордың санкциясынсыз-ақ қамауға алынған. Тергеу бір жылдан астам жүргізілген және заңсыз тұтқында ұсталған осынша ұзақ мерзім ішінде сол 14 айыпталушының қылмысын дәлелдерлік бірде-бір объективті дерек табылмаған. Контрреволюциялық ұйымның болғандығына дәлел жоқ, ондай ұйымның программасы, уставы әлдебір алға қойған практикалық мақсаттары мен соларды жүзеге асыруға тырысқан іс-әрекеттері жөнінде тергеушілер ешқандай нақты дерек жинай алмаған. Соған қарамастан, айыптау қорытындысы жасалған да, ешкімнің бекітуінсіз-ақ соттан тыс органның қарауына берілген. Айыпталушылар іс материалдарымен таныстырылмаған, ешқайсысына да өздерін қорғау үшін мүмкіндік туғызылмаған. Осындай қолдан ұйымдастырылған жасанды іс бойынша жаңағы 14 адамға түгелдей сырттай үкім шығарылған» – дейді, Аймауытовтар ісін қайта қарауға қатысқан Қазақ ССР Жоғарғы сотының председателі Т.Қ. Айтмұхаметов.
Міне, осылардың қатарында, Ж.Аймауытовтың өмірі 1931 жылы, 42 жасында, нағыз творчестволық толысқан кезінде қыршынынан қиылды.
Жүсіпбек Аймауытов В.Шекспир, В.Гюго. Г.Мопассан, А.Дюма, А.С.Пушкин, Р.Тагор, Н.В.Гоголь, Л.Н.Толстой, Дж.Лондон шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді қазақ тіліне аударды. Ол педагогика, психология, методика, эстетика, тәрбие туралы зерттеулер жазды, әдебиет, эстетика, сын саласына араласты, сан алуан публицистикалық мақалалар жазды. «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқу жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» ғылыми еңбектері – күрделі дарынның қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалары.
Жүсіпбектен қалған мұра аса бай. Ол ең алғашқы реалистік проза талаптарына, жанрдың Еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды, көркем, күрделі, шебер, ықшам, сондай-ақ, көркем жазылған шығармалардың авторы, реалистік роман принциптерін алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі. Жүсіпбек шығармаларында өзімен қатарлас зиялылар туындыларындағыдай бірде қара сөз, бірде өлең сөз аралас жүретін дүбара стиль жоқ, бастан-аяқ салиқалы, сабырлы, ұстамды проза үлгісінде жазылған.
Қазақ әдебиетінде айрықша орны бар поэзия, проза, публицистика, сын, зерттеу салаларына тең-қатар қалам тартқан, астан-кестен ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Жүсіпбек Аймауытов ерте қиылған, қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгерді.
Әдебиеттер:
- Аймауытов Ж. Шернияз: пьесалар жинағы / құраст. Б. Құндақбаев. – Алматы: Өнер, 1990. – 336 б.
- Аймауытов Ж. Жаман тымақ: өлеңдер, жұмбақтар, әңгімелер, ертегілер. – Алматы : Балауса, 1992. – 48 б.
- Аймауытов Ж. Псиқология. – Алматы: Рауан,1995. – 312 б.
- Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы: повесть пен әңгімелер, аудармалар. Т.2. – Алматы : Ғылым, 1997. – 272 б.
- Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы: пьесалар, өлеңдер. Т.. – Алматы : Ғылым, 1997. – 240 б.
- Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. Т. 4. – Алматы: Ғылым, 1998. – 448 б.
- Аймауытов Ж. Ақбілек: роман, повесть, әңгіме. – Астана: Елорда, 1998. – 325 б. – (Алтын қор).
- Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. Т. 5. – Алматы: Ғылым, 1999. – 304 б.
- Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы: 5 томдық. Т. 1. – Алматы : Жібек жолы, 2002. – 320 б.
- Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы: романдары. Т. 2. – Алматы: Жібек жолы, 2003. – 312 б. – (Алаш мұрасы).
- Аймауытов, Ж.Мен қалай үйлендім?: әңгімелер. – Астана: Таным, 2003. – 80 б.
- Аймауытов, Ж. Ақбілек [Мәтін] : повест, роман / Ж. Аймауытов. – Алматы: Атамұра, 2003. – 280 б.
- Аймауытов, Ж. Бес томдық шығармалар жинағы: повесть, әңгімелер, аудармалар. Т. 3. – Алматы: Алаш, 2005. – 304 б.
- Аймауытов Ж. Шығармалары: алты томдық шығармалар жинағы / Ж. Аймауытов, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. – Алматы Ел шежіре, 2013.
Т. 1: Пьесалар, өлеңдер. – 384 б.
Т. 2: Романдар. – 384 б.
Т. 3: повесть пен әңгімелер, аудармалар. – 384 б.
Т. 4: психология, жан жүйесі мен өнер таңдау. – 384 б.
Т. 5: Тәрбиеге жетекші Жаңа ауыл : оқу құралдары. – 384 б.
Т. 6: “Комплекспен оқыту жолдары” (оқу әдістеме, мақалалар, хаттар: оқу құралдары. – 384 б.
- Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2-кітап. – Астана: Арман-ПВ, 2013. – 264 б.
- Тілешов Е.Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы: энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: Сардар. – 2014. – Б.20
- Алаш. Алашорда: энциклопедия / құраст.: Ғ.Әнес, С.Смағұлова. – Алматы: Арыс баспасы, 2009. – Б.19-20
***
- Абайдың өмірі мен қызметі / Ж. Аймауытов, М. Әуезов // Қазақ әдебиеті. – 1995. – 8 тамыз (№ 16). – Б.5
- Айдаболов А. Жүсіпбек Аймауытов драмалары // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. филологическая . – 2004. – № 7(79). – Б.199-200
- Айдарбекова Ш. Ж. Аймауытұлы шығармашылығының көркемдік-стильдік ерекшеліктері // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. филологическая. – 2009. – № 3. – Б.56-59
- Ақаш. Аймауытовтың Алтай жеріндегі күндері / А. Жүнісұлы // Абай. – 2009. – № 2. – Б.101-104
- Ақшолақова Т. Қилы оқиғалардан сыр іздеген: Ж. Аймауытовтың “Күнікейдің жазығы” повесі жайлы // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1998. – № 9-10. – Б.61-68
- Әбдіқадырова Т. Жан жүйесін зерттеуші // Қазақ әдебиеті. – 2001. – № 2. – Б.45-46
- Әбілов А. “Күнікейдің жазығындағы” ырғақ мәселесі // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл . – 2009. – № 11. – Б.7-8
- Әбішева Ш. Ақбілек романындағы көркемдік жүйе // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2008.- № 2. – Б.75-78
- Әлім, А. Аз ғұмырдың мол тағылымы: Р. Сағынбекұлының “Жүсіпбек” атты кітабы туралы // Қазақ әдебиеті. – 1997. – 19 тамыз (№ 33). – Б.4-5
- Батырбекова Р. Терең тамырлар: Батыс-Шығыс елдерінің әдебиетімен байланыста болған Шәкәрім, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов сынды ақындар мен жазушылар творчествосы туралы // Жұлдыз . – 1990. – № 9. – Б.198-201
- Бәйнеш Ш.Б. Шетел тілін оқытудың психологиялық және лингвистикалық негіздері // ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. пед. науки . – 2007. – № 1. – Б.102-106
- Бөллев К. Қазақ ағартушы педагогтарының отбасылық тәрбие туралы ой пікірлері // Ұлағат. – 2009. – № 1. – Б.53-73
- Даутова, Э. Театр өнері және Жүсіпбек шығармашылығы // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2007. – № 6. – Б.69-71
- Досжан Д. Абақтыдан жеткен хаттар // Қазақ әдебиеті. – 1992. – 7 ақпан. – Б.12-13
- Елікбаев К. Қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың шығармаларын мектепте оқыту мәселелері / К. Елікбаев, Б. Елікбаев // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2002. – № 5. – Б.3-5
- Есқалиұлы Ә. Ақбілек туралы біздегі дерек // Абай. – 2009. – № 2. – Б.105
- Еспенбетов А. Жүсіпбек Аймауытов және Семей баспасөзі: елден-жерден // Қазақ әдебиеті. – 2009. – 25желтоқсан. – Б.15
- Еспенбетов, А. Жүсіпбек Аймауытов және Семей баспасөзі // Семей таңы. – 2009. – 3 желтоқсан. – Б 6; Қазақ әдебиеті. – 2009. – 15 желтоқсан. – Б.15
- Ж. Аймауытовты өлтірген кім? // Жас алаш. – 2004. – 6 қыркүйек. – Б.5
- Жәнәбіл С. Жүсіпбек Аймауытовтың ақырғы күндері // Жұлдыз. – 2002. – № 8. – Б.116-123
- Жорабекова З. Алғашқы басшысы – Жүсіпбек Аймауытов // Қазақстан мектебі. – 2002. – № 5. – Б.74-75
- Жұматаева Е. “Ақ білек”романына қатысты сұрақтар топтамасы // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1999. – № 9. – Б.32-35
- Иманбаева С. Ұлт зиялыларын толғандырған мәселелер // Ақиқат. – 2001. – № 1. – Б.64-69
- Кәкішев Т. Әр дарынның өз орны бар // Қазақ әдебиеті. – 1990. – 2 наурыз. – Б.6-7
- Кәріпжанова Г.Т. Ж. Аймауытұлының прозасындағы лексика-грамматикалық ерекшеліктер // Тілтаным = Языкознание. – 2003. – № 4. – Б.67-70
- Қабышев Т. Жүсіпбек Аймауытов қай жылы туған? ышев // Қазақ әдебиеті. – 2001. – 31 тамыз. – Б.5
- Қаленова Т. Ж. Аймауытұлы – ағартушы // ҚазМУ хабаршысы.Тарих сериясы. – 2000. – № 2. – Б.104-108
- Қаленова Т. Қазақ зиялылары және ” Торғай ісі ” тарихы // Ақиқат. – 2000. – № 12. – Б.63-65
- Қойгелдиев, М. Басқа табар елім жоқ: Ж. Аймауытұлының сот мәжілісіндегі ақтық сөзі // Қазақ әдебиеті. – 1996. – № 6 ақпан. – Б.10
- Қойшыбаев Б. Алаш қозғалысы және оның тарихи тағылымы: Алаш-90 // Егемен Қазақстан.- 2008. – 10 маусым. – Б.4
- Қуантаев, Н. Жүсіпбек Аймауытовтың сатиралық шығармалары [Мәтін] : [мақалада Ж. Аймауытовтың фельетондары жайында айтылған] / Н. Қуантаев // ҚазМУ хабаршысы. Журналистика сериясы. – 1998. – № 2. – Б. 96-99.
- Қуантайұлы Н. Жүсіпбек Аймауытұлы. Жаңадан табылған шығармалар // Жұлдыз. – 2003. – № 3. – Б.3-31
- Қуантайұлы Н. Жүсіпбек Аймауытұлының кейбір әдеби-сын мақалалары хақында: Ж. Аймауытұлының әдеби-сын мақалаларына талдау берілген // ҚазМУ хабаршысы. Журналистика сериясы. – 1999. – № 7. – Б.76-78
- Құндақбаев Б. Театр өнеріне арналған тағдыр: Ж. Аймауытов драматургиясы туралы // Жұлдыз . – 1990. – № 11. – Б.162-171
- Құндақбайұлы Б. Аймауытов және сахна өнері немесе қазақ театры қашан туды? [// Егемен Қазақстан. – 2009. – 14 қараша. – Б.5
- Құрманбайұлы Ш. Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ терминологиясы // Қазақ әдебиеті. – 2008. – 18 шілде. – Б.20-21
- Құсайынов Д. Өнегелі өмір: Ж. Аймауытовтың философиялық саяси-әлеуметтік дүниетанымы / Д. Құсайынов, Қ. Шүлембаев // Саясат (Политика). – 1997. – № 12.– Б.77-86
- Махамбетәлиева З. “Ақбілек романы // Қазақстан мұғалімі. – 2006. – 31 қаңтар. – Б.6
- Мекебаева Л. Шығарма шебері: Ж. Аймауытұлының әңгімелері хақында // Жалын . – 2004 – № 12. – Б.61-64
- Миралиева А. Жүсіпбек Аймауытов және ұлттық психология // Ізденіс. – 1997. – № 2. – Б.145-147
- Молдашева Р. Семей баспасөзінің қалыптасуы // Семей таңы. – 2004. – 6, 13, 20, 27 тамыз. – Б.5
- Мұқажанова Р. Әуезов пен Аймауытовтың Семейдегі алғашқы ізденістері // Семей таңы. – 2009. – 30 шілде. – Б.4
- Мұхамадиұлы М. Елдің жайын мұрат тұтқан ерлер // Семей таңы. – 2003. – 3-9 қазан. – Б.6
- Мырза Әли Қ. Иірім: эссе // Жас алаш. – 2003. – 18, 25 қыркүйек; Жас алаш. – 2004. – 8, 15, 22 қаңтар.
- Нұрғалиева Л. Ақталғандар тағдырының қазіргі баспасөзде зерттелуі: М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов шығармашылығының зерттелуі туралы // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1997. – № 11-12. – Б.31-36
- Сағынбекұлы Р. Алаш ардақтысы-зерттеу нысанасы: “Жүсіпбек Аймауытұлы”деген кітабы туралы // Түркістан. – 1997. – 9-15 шілде.
- Сағынбекұлы Р. Датталу мен ақталу: көрнекті қаламгер Ж. Аймауытовтың өмір-тағдыры туралы // Егемен Қазақстан. – 1997. – 9, 10, 11 желтоқсан.
- Сатаев А. Жүсіпбек романындағы жаңашылдық: “Қартқожа” романы жайлы // Ақиқат. – 2009. – № 5. – Б.75-77
- Сәтбаева Ш. Әмбебап тұлға // Жалын. – 2009. – № 6. – Б.12-18
- Сейсенұлы Д. Жүсіпбек Аймауытовтың белгісіз бір жазбасы шаң басқан архивтен 80 жылдан кейін табылды // Егемен Қазақстан. – 2000. – 31 мамыр.
- Серғалиев М. Аймауытовтың шешендік өнері // Абай. – 2002. – № 2. – Б.50-54
- Тоқтағанова А. М. Жұмабаев пен Ж. Аймауытовтың педагогикалық идеяларының маңызы // Қазақстан мектебі. – 2009. – № 8. – Б.24-27
- Тұңғыш редакторлар: “Семей таңы” газетінің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында редактор болып қызмет атқарған Ж. Аймауытов пен Ш. Тоқжігітов жайында айтылады // Семей таңы. – 1999. – 3-9 маусым (№ 22). – Б.3
- Тұрысбек Р. Қысқа ғұмырдың мол тағылымы // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2000. – № 6. – Б. 42-45; 2000. – № 7. – Б.34-38
- Тілебалдина Н. Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқытудың теориялық негіздері // Қазақстан мектебі. – 2009. – № 5. – Б.9-13
- Шалғынбаева Қ. Қазақ ағартушыларының мұраларындағы еңбек тәрбиесі // Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – 2005. – № 2. – Б.243-246
- Шоқыма Г. Ж. Аймауытов-қазақ романында қосүнді сөзді алғаш қолданушы // Ізденіс (Поиск). – 1996. – № 3. – Б.37-42
- Ысқақұлы Д. Әдебиет сынмен көркейеді: Ж. Аймауытовтың сыншылық қызметі хақында // Жалын. – 2005. – № 11. – Б.36-43