Мырзағалиев Мұхамед-Хафиз (1887-1941)
Мырзағалиев Мұхамед-Хафиз 1887 жылы бұрынғы Орал облысы, Орал уезі, Қараоба болысы, Дуанакөл ауылы, дүниеге келіп, Ақжайық ауданында – 1941 жылы қайтыс болған. Мемлекет кайраткері, Жайық өңіріндегі революциялық қозғалысқа катысушы. Болыстық орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін Орал реальдық әскер училищесіне түсті. Осында училище оқушысы М.Беньяминович құрған академиялық мақсаттағы оқушылар
ұйымының жұмысына қатысты. 1908-1914 жылдары Саратов маңындағы Марийнск ауылшаруашылық мектебінде оқыды. 1914-1917жылдары Саратов губерниясы Новоузен уезіне қарасты Александров-Гай селосында учаскелік агроном. 1917 жылы аяқ шенінде елге оралды. 1918 жылы қантарда Жайық сырты земство гласныйлары (сайлаушылары) жиналысында Жайық сырты земство басқармасының мүшесі болып сайланды. Айтылмыш жергілікті өзін-өзі басқару құрылымы мен Орал Войско үкіметі жер мәселесін шешу үшін бірлесіп құрған Одақтық Жер комитетінің құрамына кірді. 1918 жылы қаңтарда Қаратөбеде өткен III Қазак Орал облыстық съезінде Жанша және Х.Досмұхамедовтер тобынан ірге ажыратып, Ғ.Әлібеков, Е.Қасаболатов, т.б. құрған «Ақ жол» ұйымына қосылды. Съезден соң Е.Қасаболатов, Ә.Әлібековпен бірге Орал қаласына келді. 1918 жылы 29 наурызға караған түні Орал Войско үкіметі М. Меңдіғазиевтің үйінде заңсыз қару сақтағаны үшін «Ақ жол» тобы мүшелерімен бірге тұтқындады. Облыстық земство басқармасы төрағасының орынбасары К. Жәленовтің көмегімен босатылды 1919 жылы қаңтарда Орал қаласын Чапаев дивизиясын қоршаудан босатқан соң, наурыз орта шенінде Е.Әлібеков тобының ұйғаруымен Ә.Әлібеков, Қ.Тәтібековпен бірге Орал қаласына келіп, РК(б)П қатарына өтуге арыз берді. Ақ казақтардың Орал қаласын көктемгі қоршауы кезінде Қызыл армияның 22 дивизиясының 66-жеке қазақ атты әскер эскадроны қатарында қала қорғанысына белсене қатысты. Қорғаныс күндері Ә.Әйтиев пен С. Арғыншиевтің кепілдемесімен РК(б)П қатарына қабылданды. Сол жылы жазда 4-армияның Ерекше бөлімінің бастығы Федоровичтің тапсырмасымен Б.Әлжанов, Г. және А.Тухватулиндермен бірге Жайықтың сол жағалауына бойлай еніп, ақ қазақтардың тылында барлау жұмыстарын жүргізді. 1919 жылы қыркүйекте Жайықтың қазақ бөлігі мен Бөкей ордасын басқару үшін құрылған Қаз- әсревком Орал бөлімшесінің мүшелігіне кандидат, кейінірек айтылмыш баскару органы төрағасының орынбасары, 1919 жылы карашадан – Жымпиты уездік ревкомының мүшесі. 1920 жылы 21 қаңтардағы Орал РК(б)П губерниялық комитетінің шешімімен Ә.Әлібековтің орнына Жымпиты уездік ревкомының төрағасы болып тағайындалды. Сол жылы мамырда РК(б)П ОК қаулысына сәйкес РК(Б)П Қазак облыстық ұйымдастыру бюросының құрамына енгізілді. Орынборға шілде айында келді, тамыз басында РК(б)П Қазақ облыстық бюросы мен РК(б)П Орынбор губкомының бірлескен қаулысымен Бүкілресей Төтенше комиссиясының уәкілетті өкілінің орынбасары және Орынбор-Торғай Төтенше комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. 1920 жылы қазан айында өткен Бүкілқазақ Кеңестері құрылтай съезінде ҚАКСР ОАК мүшесі және Ішкі істер халық комиссары болып сайланды. Қарашада ҚАКСР ОАК жанындағы Кеңестерге қайта сайлау өткізу жөніндегі орталык комиссияның және Қазақ Бас еңбек комиссариатының мүшесі. Желтоқсанда ҚАКСР Халык комиссары кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің төрағасы. 1921 жылы 27 қаңтар – 11 маусым аралығында РК(б)П Қазақ облыстық бюросы төралқасының жауапты хатшысы. Осы қызметте республиканың социалистік жолмен дамуында өз ерекшелігі барын, партияның орталықтағы қызмет әдіс- тәсілін Қазақстанға механикалық жолмен көшіре салуға болмайтынын табанды түрде дәлелдеді. 1921 жылы маусымда өткен I облыстық РК(б)П конференциясында М. Мырзағалиевтың тезистері ұлт саясаты жөнінде қабылданған қарарға негіз етіп алынды. Айтылмыш конференцияда М. Мырзағалиевтың РК(б)П Қазақ облыстық комитетінің жауапты хатшысы болып сайланды. Тамызда РК(б)П Қазақ облыстық комитеті төралқасының Жайыктың сол жағалауын қазақ халқына пайдалануға беру жөніндегі ҚАКСР ОАК декретіне Орал губкомының қарсылығы қаралған мәжілісінде айтылмыш губком хатшысы Қарасевтің Орал губкомын ҚАКСР құрамынан бөліп алу, орыс- қазақтарды артықшылықты құқықпен бөлек аумақ етіп межелеу жөніндегі ұсынысын өлтіре сынады. Аталған төралқаның II Бүкілқказақ Кеңестері съезі қарсаңында өткізген мәжілісінде қазақ қызметкерлері арасында жік туғызған әрекеті үшін БОАК өкілі Кагановичті батыл айыптады. II Бүкілқазақ съезінде (1921, қазан) КАКСР Халык комиссарлары кеңесінің төрағасы болып сайланды. 1922 жылы қазан айының орта шенінде РК(б)П Қазақ облыстық комитеті төралқасының бұрынғы Алашорда қайраткерлері А .Кенжин мен С.Қаратілеуовтің мәселесі қаралған мәжілісінде екеуін корғап сөйледі. Сол қазан айында партиялық тазарту жөніндегі Орталық Бақылау комиссиясының араласуымен халком кеңесі төрағасы кызметінен босатылды. 1923 жылы қаңтарда РК(б)П Қазақ облыстық комитетінің шешімімен РКФСР Халык Комиссарлары Кеңесі жанындағы ҚАКСР өкілі етіп Мәскеуге жіберілді. 1925 жылы маусым айында осы қызметте жүріп Қазақ өлкелік партия комитетінің Қазақстан аумағын межелеу жөніндегі комиссиясының құрамына кірді, осы мәселе жөніндегі БОАК комиссиясының алдына Торғай облысын революцияға дейінгі шекарасымен 256 қалпына келтіру, Қостанай және Ақтөбе губернияларын ҚАКСР құрамында тұтас калдыру, сондай-ақ Орынбор губерниясының қазақтар тұратын бөлігін ҚАКСР аумағына қарату жөнінде принципті мәселе койды. М. Мырзағалиев тезистері Қазақстан үкіметінің осы мәселе бойынша ұстанған позициясына негіз етіп алынды. 1926 жылы орта шенінде Қазақстанға оралды. ҚАКСР ОАК мүшесі, 1926 жылы 30 маусым – 1929 жылы 28 мамыр аралығында ҚАКСР Қаржы халық комиссары. Осы қызметте бірінші бесжылдық жоспарды жасауға, республикада индустрия құрышысын дамытуға, көшпелі халықты отырықшыландырып, алғашқы ұжымдық шаруашылықтар құру ісіне үлес қосты. Репрессияның бірінші дүмпуі басталғанда қайтадан Мәскеуге кетіп, 1930-1937 жылдары. РКФСР Жер шаруашылығы халық комиссариатында жауапты кызметтер аткарды.
Әдебиет:
- Алаш. Алашорда: энциклопедия / құраст. Ғ.Әнес, С.Смағұлова. -Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – Б.254-256
- Мырзағалиев Мұхамед-Хафиз / Тілешов Е.,Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Сардар, 2014. – Б.317-319
Интернет сілтеме
https://kk.wikipedia.org/wiki/Мұхамед-Хафиз_Мырзағалиев