Ниязов Батырқайыр (1872-ө.ж.б.)
Ниязов Батырқайыр Жүсіпұлы – Алаш қозғалысының қайраткері. Ниязов Батырқайыр 1872 жылы дүниеге келген. Петербург императорлық университетінің заң факультетін бітірген. 1896 жылы Торғын, 1898 жылы Таловка, 1900 жылы Қалмақ қисындарының правителі. 1911 жылы «Алаш» атты газет шығаруға рұқсат сұрап, Астрахан губернаторына екі рет өтініш жазған. Бірақ, өтініші қанағаттандырылмаған, қайта осы өтініштен кейін билік оған сенімсіздікпен қараған. 1917 жылы Бөкей Ордасының уақытша комиссары қызметіне тағайындалған. Алаш партиясы атынан Бірінші жалпықазақ сиезіне Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына Бөкей ордасынан депутаттыққа ұсынылған. Екінші жалпықазақ сиезінде Алаш орда үкіметі мүшелігіне кандидат болып сайланған. Алаш қозғалысында ерекше белсенділік танытқан. Кеңес кезеңіндегі өмірі жөнінде деректер сақталмаған.
Б.Ниязовтың өлген жылы белгісіз.
Әдебиеттер:
Ниязов Батырқайыр // Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Сардар, 2014. – Б.323