ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА

Қалменов Алпысбай

Алпысбайдың әкесі – Қалмен, шешесі – Мия. Алпысбайдың бірінші әйелі Құсни Алагуатова – башқұрт қызы, ақсүйек тұқымынан. Құсни Алпысбайға алты ұл: Нұрмұханбет (Нұраш), Абдулхамит (Хамаш), Атлаш, Мырзаш, Мырзағұлжан, Бижан және Рахила есімді бір қызды сыйлайды.

 

 

Құсни Алагуатова – Қалменова (1868-1945 ж.ж.)

 

 

Нұрмұхамед (Нұраш) – есепші қызметін атқара жүріп, латын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аудармалар жасаумен шұғылданған.

 

 

 

 

Абдулхамит (Хамаш) – дәрігер, Ұлы Отан соғысының ардагері. Отан үшін от кешкен жан. Балалары – Әннет Абдулхамитұлы техника ғылымдарының докторы. Мәскеудің болат институтын бітірген және де осы институттың құрметті профессоры. Ал, Асқар Абдулхамитұлы Қалменов Байқоңыр, Плисецкая ғарыш айлақтарында әуеқұрастырушы болып қызмет атқарған.

 

 

 

Атлаш Алпысбайұлы Қалменов – оқыған азамат, белгілі финансист. Алпысбай барлық баласын Темір қаласында оқытқан. Атлашы Мәскеудегі Жоспарлау Академиясын бітіріп, қаржыгер – экономист мамандығының иесі атанған. Қазақстанның жергілікті өнеркәсіп наркомы (министрі) қызметін атқарған. Атлаш Алпысбайұлының жан жары Гүлбаршын Жақықызы Қалменова он саусағынан өнер тамған шебер адам болған екен. Алтын жіптермен кесте тігетін. Лагерьде отырған жылдары майдан үшін жылы шұлық тоқыған.

Атлаш Алпысбайұлының бір ұлы, екі қызы болды. Роза, Жанна әкелері Қызылорда қаласында жұмыс істеп жүргендерінде дүние есігін ашқан. Атлаштың ұлы Мұхамеджан барлаушы, геолог, инженер болды. Арқалық қаласына жақын жерден боксит рудасын ашып, оны игерудің жиырма жылдық бағдарламасын жасады. Павлодар қаласында алюминий зауытын салудың қажеттілігін негіздеген еңбектері жоғары бағаланып, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанып, Қазақстанның еңбек сіңірген геологы деген атақ берілді. Мұхамеджан Қалменов кейінірек Қазақ ССР Геология министрлігінің түрлі – түсті металдар бөліміне ауысып, өмірінің соңына дейін аталған ұжымды басқарды. Ал, қызы Жанна саналы ғұмырын медицина саласына арнады. Оның қызы Ирина Мұқаметжанқызы медицина ғылымының кандидты.

 

Алпысбайдың Мырзашы 1933 жылы Мәскеуден тау инженері мамандығын алып, Қиыр Шығысқа жолдамамен жіберіледі. Осында өндіріс жұмыстары кезінде, үстіне тас құлап, қайтыс болады.

 

Мырзағұл – әдебиетші мамандығын алады. Ұлы Отан соғысының ардагері.

Бижан да Ұлы Отан соғысында тізеден қан кешті. Көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Соғыстан кейін жеңіл өнеркәсіп министрінің орынбасары қызметіне тағайындалады.

Алпысбайдың екінші әйелі Саржаннан Смағұл, Жүсіп, Бибіхатша (еркелетіп Тапта деп атаған) атты балалары дүниеге келген. Смағұл мен Жүсіп Ұлы Отан соғысына қатысып, Днепр үшін шайқаста ерлікпен қаза табады. Ал, Бибіхатша репрессияға ұшырап, итжеккенде сегіз жыл айдауда болған.

 

 

Смағұл Алпысбайұлы Қалменов

1941 жылы майданға кетер алдында

 

Хайрулла Қалменов, Ғаллям Мұхамедияров, 4-түрегеліп тұрған
Атлаш Қалменов (солдан соңға қарай) 1914 жыл

 

Алпысбайдың үлкен ұлы Нұрмұхамедтің (Нұраш) келуі туыстарға мереке болды (солдан оңға қарай 1 – қатарда екінші)

 

1 – қатарда Мырзағұл Алпысбайұлы, Нұрмұхамед Алпысбайұлы, Жарасов Молдағазы, 2 – қатарда Мұхамеджан Атлашұлы және Бижан Алпысбайұлы (солдан оңға қарай). 1946 жыл, Алматы қаласы.

 

  

Мұхамеджан, Хайрош Қалменов, Аннат Абдулхамитұлы,

2-қатарда Асқар Абдулхамитұлы,Арман Хайруллаұлы

(солдан оңға қарай)

 

Алпысбай Қалменовтың балалары: 1-қатарда Хамаш (Абдулхамит), Нұраш (Нұрмұхамед), Мырзағұл.

2 – қатарда Бижан, Бақытжан(солдан оңға қарай)

 

Аннат, Бижан, Асқар Қалменовтер (солдан оңға қарай)

 

1-қатарда Ғалым Ахметов, Абдулхамит, Нұрмұхамед Қалменовтар

2-қатарда Жарасов Молдағазы, Бижан Алпысбаев, Мырзағұл Қалменов

(солдан оңға қарай)

 

 

Жарасов Молдағазы, Қалменов Атлаш, Қалменов Мырзағұл.

1936 жыл, Мәскеу

 

Сонымен Алпысбай Қалменовтің екі әйелден барлығы – 10 баласы болған. Қалменовтар әулетінің тағы басқа да азаматтары Ресейдің іргелі оқу ордаларынан білім алған. Бұл әулеттің ұрпақтары ұзақ жылдар бойы қуғын – сүргін көріп, қатты қудаланады. Қиыншылықтарды тек біліммен жеңуге болатынын, білімнің алмайтын қамалы болмайтынын жақсы түсінген олар қандай қиыншылықтар болса да тек қана алға ұмтылып, мықтылықтарын дәлелдей алды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Озғанбай Ө,.Құрманбеков Б. Қайраткер Алпысбай Қалменов. Алматы: «Нұрлы Әлем», 2006. – 176 б.
  2. Қайыпбаева Айнагүл. Замана зұлматы. Қуғын-сүргін көрген қазақ жастары // https://alash24.kz/news/13823
Отбасы