Молдабайұлы Әнияр

Әкесі Қожабай ағаштан түйін түйген бесаспап шебер болған. Қожабай 1858 жылы дүние салады да, Сүндетбай, Үмбетбай, Әнияр атты балалары әкесінің інісі Молдабайдың қолында тәрбиеленеді. Әнияр – ұлы Абайдың тәрбиесін, қамқорлығын көп көрген адам. Тіпті қаржы жағынан да көмектесіп, Семейден Москвин деген көпестің үйін сатып әперген де Абайдың өзі және балалары еді. Бұл үйге Кәкітай, Шәкерім, Мағауия, Ақылбай, Тұрағұлдар жиі келіп жүрген. Кезінде Мұхтар Әуезовте осы үйде пәтерде тұрғаны белгілі.

Алапат ашаршылық, саяси төңкеріс кезең тұсында көненің көзі Әнияр қарт үйін баласы Сапарғалиға тастап кеткен.

Әнияр Әндижан деген қалаға барып, қызмет істей жүріп, бір өзбектің қызына үйленеді.

1890 жылы оның Сапарғали есімді ұлы дүниеге келген. 1910 жылы Әнияр ұлына Кәкітайдың қызы Қабиданы алып берді. Ол кісімен 38 жыл бірге өмір сүрген. Қабидадан бір қыз, бір ұлы болды. Қызы Күләш 1953 жылы қайтыс болды. Ұлының есімі Мұхамедғали.

Әниярдың інісі  Сүндетбайдан Қалаубек пен Сіләмбек туатын болса, Сіләмбектен Самат, Сағынтай, Мақсұт және Нұржамал есімді үш ұл, бір қыз тарайды. Міне, осы Нұржамалды кішкене күнінен Әнияр өз бауырына басып, бала етіп асырап алады. Сіләмбектің тағы бір баласы Самат Сүндетбаев өзінің талабымен оқу оқып, еңбекпен көтеріліп, кейін Кеңес Одағының дипломатиялық корпусының өкілі, Йемен Араб Республикасындағы елшіліктің екінші хатшысы болған танымал дипломат болды. Әниярдың тәрбиесінде өскен Мақсұт кейін Қарауылға оралып, дүкен-шеберхана ұстаған, ауылда техника тілін жетік білетін бірден-бір адам болған. Мақсұт балаларының тегі Әнияровтар бабаларының атын сақтап, игі істерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келеді.

Сексен жастағы Әнияр бәйбішесі Бибі-Хаджала және ұлы Сапарғалимен бірге. Семей. 26 қазан, 1930 жыл.

 Әнияр Нұржамалды атақты Ақберді қажының Ұсатайдан туған немересі, Жұматайға өз қолынан ұзатады. Жұматай мен Нұржамалдан тараған – Тілес, Айдар, Жәмилә, Мәдина, Айдос, Дәнияр, Гүлмира атты шөбере – шөпшектеріне өлмес – өшпес мәңгілік мұра қалдырады.

Көнекөз Нұржамал Әниярқызы ұл – қыздарымен бірге Алматы қаласында тұрған. Әния Молдабаевтың өмір жолына қатысты кейбір құнды деректер мен мына ұсынып отырған фотосуреттер сол кісінің архив суреттерінен алынған екен.

Міне, Алаш ұлт-азаттық қазғалысына белсене қатысқан, алайда есімі көп атала бермейтін арыстарымыздың бірі Әнияр Қожабайұлы Молдабаевтың ұлағатты өмір жолы осындай.

                          Әдебиеттер:

Ибрагимова Қ. Әнияр Молдабаев жайында не білеміз? // Семей таңы. – 2017. – 28 сәуір (№ 34/35). – Б.3

Сапаралы Б. Абайдың құдасы Әнияр кім?  // Заман Қазақстан. – 1995. – 28 сәуір.

Беркімбай А. Алаш үкіметінің қазынашысы // https://adyrna.kz/post/8047

Ибрагимова Қ. Әнияр Молдабаев //  https://abaialemi.kz/post/view?id=930