Ыбырай Ақпайұлы

Қарақаралы уезі, Берікқара болысында туған. Жақып Ақбайұлының ағасы. Алаш қозғалысына қатысушы, Берікқара болысының басқарушысы болған. 1910 жылы саяси көзқарастары үшін Ресейге жер аударылған. 1917-1919 жылдары Алаш қозғалысына қатысып, Алашорда үкіметіне, Алаш әскеріне көмектескен. Мысалы, 1918 жылы Алаш партиясының көрнекті қайраткері, заңгер, заң магистрі Жақып Ақбайұлының ағасы Ыбырай Ақбайұлы ОГПУ мәліметі бойынша Алаш әскерінің қолбасшысы полковник Хамит Тоқтамышевқа көмек ретінде толық қаруланған 600 солдатты жіберген.
1937 жылы 20 тамызда тұтқындалған. Қылмыс құрамын дәлелдемегені үшін 1956 жылы 30 маусымда Алматы облыстық сотымен ақталған.

Әдебиеттер:
Ақпайұлы Ы. // Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек. Ахмет Байтұрсынұлы мен Алаш қозғалысы қайраткерлеріне қатысты шетелдегі архивтерден табылған материалдар жинағы. – Астана, 2022. – Б.69
Ибрай Акпаевич Акпаев // https://www.geni.com/people