Жұмахан Күдерин

Жұмахан Күдериннің бірінші некесі Бибісара Жанбазарова

Жұмахан Күдерин: “Сара әйелім менен кетіп бара жатқанда, ол алып кетуге болатынның бәрін алып кетті. Мен оны шектемедім-бір жағынан, оның “ашкөздігін” байқауға қызығушылық таныттым, ал екінші жағынан, бәрі тезірек аяқталғанын қаладым”.

 

Жұмахан Күдериннің екінші некесі – Насонова Татьяна Георгиевна (1902-1978)

Насонова Татьяна Георгиевна 1902 жылы Тамбов губерниясы Борисоглебск уезі Русаново ауылында шаруаның отбасында дүниеге келген. рта білімді, мұғалім, жазушы, педагогикалық қызметпен айналысқан.

Татьяна Георгиевна мен Жұмахан Маусымбайұлы 1934 жылы Воронеж қаласында Воронежге жер аударылуы кезінде танысқан. Ол кезде Жұмахан Күдерин Воронеж кооператорлар Одағында мекенде бас агроном болып қызмет істеген. Ж.Күдерин кедей отбасынан шыққан Татьяна Георгиевна көмектесіп, олардың достықтары махаббатқа ұласып, отбасын құрады. Олар 1935 жылы Алматыға бірге келген. Ерлі-зайыптылар үш нәресте сүйген.

Татьяна Георгиевна 1938 жылы 14 сәуірде Алматыда НКВД-ның бұйрығымен тұтқындалады. 1938 жылы 23 сәуірде оған РСФСР Қылмыстық кодексінің 17-58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша айып тағылып, халық жауларының және Отанын сатқандардың сыбайласы, Кеңеске қарсы ұлтшыл Террористік-бүлікші және тыңшылық-диверсиялық ұйымның қатысушысы ретінде Алматы мен Алматы облыс орталықтарынан тыс шалғай аудандарға 2 жылға жер аударылады. Күйеуі Алматыда қамауға алынғаннан кейін, 1938-1940 жылдары ол жас балаларымен екі жылға Пахта-Аралға жер аударылып, пәтері мен заттары тәркіленеді. Жиырма жылға жуық уақыт бойы аштықтың ащы дәмін татады.

1940 жылдың 21 шілдесінде ғана жер аударылудан Жамбыл облысы, РОНКВД-ның бұйрығымен Меркі аудандық сотында босатылған. Алматыға оралғаннан кейін Татьяна Георгиевна мектепте мұғалім және ботаника институтында қызметші болып жұмыс істеген.

Оның есімін Қазақстанның әскери прокуратурасы 1995 жылы 3 қазанында толық ақтады.

Насонова Татьяна Георгиевна 1978 жылы 5 сәуірде дүние салған. Қызы Лариса Жұмаханқызы анасының өтініші бойынша оның күлін асқақ рухты ұлы мәңгілік орын тапқан Сванетия асуының Чатын-Тау мұздағының түбіне жерлеген. Қай жерде қалғаны белгісіз әкелері Жұмахан Маусымбайұлының да портретін сонда ескерткіш етіп орнатқан.

 

Сарым (Сырым) Жұмаханұлы Күдерин (1936-1963)

Сарым  Жұмаханұлы Күдерин – қазақ тарихында өз орнын алған тұлға. Ол қазақтың тұңғыш кәсіби альпинисі, педагог, журналист және ақын. Жұмахан Күдериннің екінші ұлы Сарым (бірінші ұлы Фирдоуси балалық шағында қайтыс болған) 1936 жылы 5 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Сарым бесінші сыныпқа дейін аяқ киімінің жоқтығынан суық мезгілде мектепке бармағанын, досы Алексей Марьяшевпен бірге мектепке бір аяқ киім кигенін кейінірек есіне алады.

Бала кезінен тауға шығу, тауды аралау оның басты арманы болған.  Ол алғаш рет 1947 жылы 5-сынып оқып жүргенде тауға шығады. Жетінші сыныпты бітіргеннен кейін ол Түргенде орналасқан педагогикалық техникумға оқуға түскен. Колледжден кейін әкесін танитын ректордың арқасында Сарым 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, мектепте орыс тілі мен орыс әдебиетінен сабақ берген. “Дружные ребята” газетінің редакциясында жұмыс істеген.

1962 жылы Сарым Жұмаханұлы альпинизм саласы бойынша КСРО-ның Қазақстаннан шыққан бірінші чемпионы атанған. Ол биік  шыңдарға көтерілу класын бағындырғаны үшін алтын медальдің иегері атанды.

1957 жылы Орал Үсеновтің басшылығымен мәрмәр қабырғасын (5А), ал 1960 ж. Алексей Вододоховтың жетекшілігімен Оңтүстік Талғардың Батыс қабырғасын бағындырды.

Сарым Күдерин 1955 жылдан альпинизм саласында алғашқы жаттықтырушы болды, университет секциясына студенттерді жаттықтырды. Үш жыл ішінде ол ең қиын шыңдарға шабуыл жасай алатын жастар командасын дайындаған. Ол 1956 жылы Орал Үсеновпен, Сембай Мұсаевпен, Николай Авдеевпен және Борис Келвермен бірге В.М.Абалаковтың Победа шыңы экспедициясына қатысқан. Сарым 6800 метр  биіктікті бағындырған. Рюкзактарында Сарымның әрқашан Оның сүйікті авторлары Гумилев пен Паустовскийдің кітаптары әрдайым сөмкесінде жүрген көрінеді.

1963 жылы 11 қаңтарда Сарым Күдеринге альпинизм бойынша спорт шебері атағы берілген. Сол кездерде Сарымның айналасындағы адамдар оның басынан кешірген қиын да, қилы тағдырынан бейхабар болған. Ол өзінің жарқын бейнесімен идеалды тұлға ретінде айналасындағы жандардың есінде қалған.

Сарым Күдерин Лев Мышляевтың командасымен бірге 1963 жылы 14 шілдеде Кавказ тауының Сванетия шыңдарының Чатын-тау мұздығында қаза тапқан. 1963 жылы ол соңғы рет москвалықтармен альпинистік экспедицияға баруды жоспарлап, келесі жылы өз командасымен бірге Ленин шыңына көтерілуді жоспарлаған.

1964 жылы оның тәрбиеленушілері Қазақ Буревестник құрамында Ленин шыңына шыққан. Оның шәкірттері – Владимир Запека, Игорь Кондрашов, Мансур Гизатулин, Риф Сагадеев, Тамара Постникова сынды КСРО-ның жеті мыңыншы жеріне келген атақты қазақстандық альпинизм шеберлері. Оның Ерванд Ильинский, Юрий Голодов және Валерий Хрищатый сынды шәкірттері Эверестті бағындырған, КСРО-ның көрнекті альпинистері болды. Шәкірттері өздерінің тұңғыш жаттықтырушысы Сарымның суретін  ала барып, Эверест шыңының ұшар басына ескерткіш ретінде белгі етіп қалдырған.

Сарым Жұмаханұлы альпинистік өнермен қатар, өнерге де ден қойған, поэзияға деген сүйіспеншілігі ерекше болған. Ол өмірден өткеннен кейін ғана өлеңдері жарыққа шыққан. 1967 жылы “Жаңа өлеңдер” жинағы, 1977 жылы “Жалын” баспасынан “Вершина» жинағы жария көрген. Оның өлеңдері “Простор”, “Родники”, “Поэзия” және т. б. журналдарда жарияланған.

Сарым Жұмаханұлының сүйегі Мәскеу қаласы, Местия ауылының жанындағы Сванетия тауына жерленген. Онымен бірге анасы – Татьяна Георгиевна жерленіп, қабіріне ескерткіш тақта орнатылып, анасының қалауымен Жұмахан Күдериннің фотосуреті орналастырылған.

Сарым Күдериннің есімі Үлкен Алматы шатқалындағы  шыңға берілген.

Сарым Жұмаханұлы өмірде жомарт, қарапайым, батыл, өмірге айқын көзқарасты, адал жан болған.

 

Лариса Жұмаханқызы Күдерина (1938)

Лариса Жұмаханқызы 1938 жылы 17 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. 1938 жылдың қыркүйегінде анасы және ағасымен бірге Жамбыл облысының “Пахта-Арал” совхозының Ильич ауылына жер аударылды. 1940 жылы анасын жер аудару мерзімі аяқталғаннан кейін Алматыға оралады.

Лариса Кудерина бала кезінде халық жауының қызы ретінде қудаланған. 1952 жылы Түрген ауылындағы педагогикалық училищеге түсіп, көркемөнерпаздар байқауына қатысқан. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, 1960 жылдан бастап Қазақ КСР Ғылым академиясының Геология институтында жұмыс істеген.

Л.Күдерина қазір Мәскеуде тұрады. Ол Ресей Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Халықаралық “Феникс” қорының президенті, отыз жылдан астам уақыт бойы әкесі туралы ақпарат жинап келеді.

Лариса Жұмаханқызы Күдерина Мәскеу қаласында Подсосенский тұйық көшесінде ескі тұрғын үйдің жертөлесінде қуғын-сүргінге ұшыраған ғалымдарға арналған мұражай ашқан. Шағын экспозицияға суреттер, құжаттар, кітаптар және отбасының суреттері қойылған.

1927 және 1930 жылдары араб және латын әріптерімен тұңғыш рет қазақ тілінде басылып шыққан «Өсімдіктану» оқулық кітабын қазіргі қазақ жазба нұсқасына көшіріп,  1992 жылы «Рауан» баспасынан қайта басып шығарған.

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ата-бабасының мекені Аякөз өңірінде болып қайтқан. Әкесінің мұраларын насихаттау мақсатында Семей қаласындағы заманында Абай оқырманы болған бүгінгі Абай атындағы кітапханада оқырмандарман кездесу өткізіп, әкесінің жаңадан шыққан кітабын сыйға тартқан.


 

 Әдебиеттер тізімі: 

  1. Жұртбай Т. Боль моя, гордость моя – Алаш!: Трилогия. – Астана: Аударма, 2016. – С.522-530
  2. Жексенбаева Б. Қазақтан шыққан тұңғыш биолог-ғалым // Дидар. – 2021. – 1 мамыр. – Б.6
  3. 3. Енисеева-Варшавская Л. Причина смерти – расстрел / Л. Енисеева-Варшавская, К. Л. ; Л. Кудерина, Л. Енисеева-Варшавская // Мысль. – 2015. – №5. – C. 27-30.
  4. Қалымов Д. Жұмахан Күдерин // Семей таңы. – 1991. – 12 ақпан. – Б.5
  5. Сексенбаев Б. Шайқалған Шаңырақтар // Семей таңы, 1991. – 24 сәуір. – Б.5

Интернет – ресурс

http://www.mountain.ru/article/article_display1.php?article_id=8982