Асфендияров Санжар
Санжар Асфендияровтың жары – Рабиға Серәліқызы Асфендиярова – Лапина (1893-1956)
1893 жылы Самарқандта туған. Оның ата-анасы өте білімді адамдар. Әкесі шығыстанушы және ағартушы Сералі Лапин, ол Түркістан өлкесінің байырғы халықтарының мәдениеті мен әдет-ғұрыптарын зерттеуші, жан-жақты мүдделері бар білімді адам, Санкт-Петербургте жеке заң кеңсесін ашып, ол ант қабылдаған адвокат болып жұмыс істейді, онда ол өз руларының мүдделерін соттарда жиі қорғауға мәжбүр болады.
Рабиғаның анасы Зухра Ахмерова сол кездегі гимназияда оқыған бірнеше әйелдің қатарында болған.
Санкт-Петербургтегі қазақ диаспорасы Санкт-Петербургтегі белгілі адвокат Серәлі Лапиннің үйінде жиі жиналған. Ол әсіресе қыздарын мақтан тұтқан. Санкт-Петербургте оларды Шығыс сұлулары деп атаған.
Рабиға Асфендиярова Санкт-Петербургтегі жоғары оқу орны, қыздарға арналған жабық типтегі Павловский қайырымды қыздар институтында оқыды. Бұл оқу орынында негізінен дворяндардың қыздары, әскери бөлімдердің офицерлері мен қызметкерлері қабылданды.
Кейбір дереккөздерде Рабиға Санкт-Петербургтегі Смольный ақ сүйек қыздар институтында басқа 5 қазақтардың арасында оқығаны айтылған.
Озық дворян жастардың ортасында да сүйкімді Рабиға немесе оны Рябинушка деп атаған.
Лапиндердің үйіне Әбілхайыр ханның ұрпағы, Петербург әскери-медициналық академиясының студенті Санжар Асфендияров та жиі келген. Рабиғаны көргенде ол өмір бойы ғашық болғанын түсінген. Санжар Асфендияров үшін бұл арманындағы ару болып, олардың махаббаттары баянды болған. Қатаң ережелерде тәрбиеленген, ақылды және білімді Рабиға сәулет өнерін зерттеп, түркология, заң ғылымымен айналысқан.
1912 жылдың көктемінде олар үйленіп, Ташкентке тұратын С. Асфендияровтың ата-анасына барады.
С. Асфендияров көп ұзамай ол шекара қызметіне жолдама алып, шекара әскери бөлімінде тұрмыстық жағдайлардың болмауы себебінен әйелін ата-анасынан тастап, тағайындалған жерге барады. Осы кезеңде Рабиға қызы Алияны дүниеге әкелді. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталып, Польшада Лодзь қаласының маңындағы С. Асфендияров қызмет еткен полк қоршауға алынады. Ол өзі жарақат алып, «Кутно», «Торн», «Александровка» неміс концлагерьлерінде тұтқында болды болады. Тек 1915 жылы Халықаралық Қызыл Кресттің көмегімен әскери – дәргер тұтқындардың бір бөлігі Швеция арқылы Санкт-Петербургке оралады. Сүйген жары мен қызынан алшақта болған ол Ташкентке оралғанда, қызы Әлия өсіп қалады. Бірақ бірінші дүниежүзілік соғыстың әлі аяқталмауына байланысты әскери дәрігер қызметін атқарып жүрген С. Асфендияров қайтадан майданға аттанады. Ол Термезде Қазан төңкерісін отбасымен қарсы алады. Термезден кейін Рабиға күйеуімен бірге Ташкентке оралады.
Асфендияров саяси қызметпен айналысады, мұсылман жұмысшы депутаттар кеңесін басқарады, кейіннен алғашқы Денсаулық сақтау халық комиссары және сонымен бірге Түркістан АКСР жер-су шаруашылығы халық комиссары, ұлттар істері жөніндегі алқа мүшесі, газеттер мен журналдардың редакторы болады. Осы жылдары Рабиға Асфендиярова елдегі экономикалық қиындықтарға қарамастан, қоғамдық жұмыстармен айналысып, түрлі іс-шаралар мен концерттерге қатысады. Бұл қайырымдылық концерттер аштыққа көмектесуге бағытталған еді.
Алматыда өткен Асфендияровтың өмірінің соңғы кезеңі жемісті болған. Қазақ Республикасының басшылығы бірінші университетті құру туралы шешім қабылдайды және оны білімді адам және талантты ұйымдастырушы ретінде Алматыға шақырады. Асфендияров Қазақ педагогикалық институты мен Алматы медициналық институтының тұңғыш ректоры қызметінде болады.
Алматыдағы Санжар Асфендияров пен Халел Досмұхамедовтың отбасы қазір түрік консулдығы орналасқан үйде тұрған. Асфендияровтың үйі өткен ғасырдың 30-жылдарының ортасында Алматыда үздіктер қатарында болды.
Рабиға Асфендиярова осы кезеңде «Мемлекеттік көпшілік кітапханаға» жұмысқа орналасқан. Оны растайтын құжаттар әлі де Алматы қаласының Ұлттық кітапханасында сақтаулы.
Рабиға Асфендиярова осы кезеңде бронх демікпесімен ауырып, Санжар оны қыздарымен бірге Қырым мен Кисловодскге емдеуге жіберуге көп күш жұмсады. Жазған хаттарында оны Санжар жұбайын «Рябочка» деп атады.
Сталиндік саяси қуғын-сүргін Рабиға Асфендиярованы айналып өтпеді. Күйеуі қуғын-сүргінге ұшыраған кезде Рабиға қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдеріне арналған «Алжир» лагеріне түсті. Ол 1938 жылы 21 шілдеде НКВД жанындағы арнайы жиналыс шешімімен 5 жылға еңбекпен түзету лагеріне түскен. Ақмола лагері бөлімшесіне Алматы түрмесінен 1938 жылы 3 қазанда келген. Рабиға Асфендиярова лагер тұтқындарымен бірге қасіретті жылдардың қасіретін бірге өткізді. Ол лагерде дұрыс тамақтанбағандақтан ауыруға да шалдыққан. Өзімен лагерьде мерзімін өтеген туысы қолдау көрсетіп отырған.
Рабиға Асфендиярова 1943 жылы 5 мамырда босатылған. Реабилитациядан кейін Рабиға ешқашан Алматыға оралмады, себебі қуғын-сүргінге ұшырағандардың үлкен қалаларда өмір сүруіне тыйым салынды. Лагерьден аман оралған Рабиға анасына Өзбекстанға кетіп, онда ол 1954 жылы өңеш қатерлі ісігінен қайтыс болды.
Әлия Санжарқызы Асфендиярова (1913-ө.ж.б.)
Санжар мен Рабиға Асфендияровтардың үлкен қызы Әлия 1913 жылы дүниеге келген. Мәскеудегі шет тілдер институтын бітірген. Әкесі Санжар Асфендияров 1937-да қуғын-сүргінге ұшырап, содан кейін анасы лагерге тұқындалған кезде, ол Мәскеуде оқыған. Мұнда оның тәтесі Рахила тұрған.
Адолят Санжарқызы Асфендиярова (1921-ө.ж.б.)
С. Асфендияровтың кіші қызы Адолят Асфандиярова 1921 жылы дүниеге келген. Кейбір деректерге сүйенсек, 1937 жылы оны анасы Рабиға Ташкентке, басқа мәліметтер бойынша Мәскеуге жіберген, онда үлкен әпкесі Әлия шет тілдер институтында оқыған.
Ұлы Отан соғысының басталуымен Адолят Асфендиярова Ташкентке барып, онда әкесінің әпкелері – белгілі дәрігерлер Гүлсім мен Әнел Асфендияровалардың қолында өседі. Мұнда ол инженер-құрылысшы Темірбай Ғұбайдуллинге тұрмысқа шығады. 1944 жылы олардың қызы София дүниеге келеді.
Адолят Асфендиярова Алматыға 50-жылдардың соңында келеді, өйткені мемлекет мұрагерлерді олардың мүліктік құқықтарын қалпына келтіруге уәде береді. Бірақ олардың қираған үйінен ештеңе таба алмаған. 1937 жылы барлық мүліктерімен тәркіленген, Санжар Асфендияровтың бай кітапханасы да жоғалып кеткен.
Бүгінде Ташкентте Асфендияровтың немересі Софья Темірбайқызы Сұлтанова тұрады. Ол Микробиология ғылыми-зерттеу институтында, содан кейін Өзбек Ғылым Академиясының генетика ғылыми – зерттеу институтында жұмыс істеді. Ол Микробиология мен генетиканың дамуына үлес қосқан зерттеуші.
Асфандияровтың шөбересі Әлия Маханбетнұрқызы Сұлтанова Алматыда тұрады, «Европа плюс» радиосында PR-менеджер болып жұмыс істейді.
Әдебиеттер тізімі
- Асфендиаров С. Шығармалары: 4 томдық шығармалар жинағы. – Алматы. – «Ел-шежіре». – 2014. – 386 б.
- Балмаганбетова Ж. Сералы Лапин: из плеяды первых интеллигентов // Кызылординская областная интернет-газета. – – 26 октября
- Камалиев М.А. С.Д. Асфендияров: жизнь-подвиг (К 125-летию со дня рождения) // Вестник КазНМУ. – 2014. – № 2. – С.4
- Шимырбаева Г. Внучка Санжара Асфендиярова хочет вернуться на Родину // Казахстанская правда. – 2002. – 16 июля. – С.4
Интернет ресурстары
- https://kk.wikipediaorg/wiki
- Қазақ медицинасының майталманы – Санжар Асфендияров// https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=3&id=13087