ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА

Кенжин Аспандияр отбасы

Кенжин Аспандиярдың артында Махмуд, Баязит, Шамиль деген ұлдары, София, Лия (Юлия) атты қыздары қалды. А.Кенжин туыстары туралы мәліметте қыздары София 1914 жылы, Юлия 1933 жылы, ұлдары Махмұт 1918 жылы, Шәміл 1924 жылы, Баязит 1920 жылы туылған деп көрсетеді. Оның әйелі Жанета Рамазановна (қыз кезіндегі тегі Смольская) Батыс Белоруссияда туылған, ана тілі поляк тілімен қатар орыс, украин, белорус тілдерін өте жақсы білген. Оның ата – анасының мұсылман дінін қабылдағандығы туралы мәліметтер кездеседі. Отанын сатқан опасыздың отбасы мүшесі ретінде айдауда болып, 8 жыл түрме сергелдеңін тартты. Қызының жазуынша, анасы 1938 жылы наурызда ұсталғанға дейін үлкен ұлдарын мектептегі оқуларын бітіру үшін Түркіменстанға аттандырған. Лия кіші ағасымен көшеде қалған. Ол ағасы өте талантты суретші болған екен, көркемсурет училищесіне емтихансыз қабылданғанымен, әкесі тұтқындалған соң оқудан шығарылған.

Үш ұлы Отан соғысына өз еріктерімен аттанған. Баязит пен Шамиль соғыстан оралмады. Махмуд Калуга қаласында тұрған. София кезінде Әліби Жангелдинмен тұрмыс құрған, Алматы қаласын мекендеген. Оның ұлы – Шыңғыс Әлібиұлы Жангелдин Қазақстан Кооператорлары одағының төрағасы болып жұмыс істеген.

Жанета Рамазанқызы тұтқыннан оралғанда, қызы Софияның (Әліби Жангелдиннің жұбайы) үйіне келеді. Оның көмегімен балалар үйіндегі Юлияны тауып алып, астанада тұруға рұқсат етілмеген соң Қазалы қаласына қоныс аударады. Осында соғыста қаза тапқан кіші ұлының атынан зейнетақы тағайындатып, аз ғана қаржымен күнелтеді. 1958 жылы ақпанда Түркістан Әскери округінің әскери трибуналынан Жанета Рамазанқызының ақталғандығы туралы қағаз келеді

 

А.Кенжин жұбайы Жаннет Рамазановамен, баласы Шәміл мен қызы Софья. Орынбор қ, (1924 ж.)

Ш.Жангелдиннің жанұялық архивінен.

«Қазақстан мұрағаттары» №2 (6 саны), 2008 ж. 130 б. баспаға шыққан

Ә.Жангелдин жұбайы Софьямен. Алматы,1940 ж.

Ш.Жангелдин архивінен

 

 

Ә.Жангелдин жұбайы Софьямен,

Балалары Әли мен Шыңғыс

 

С.А.Кенжина анасы Ж.Р.Кенжинамен.

Орынбор,(1924-1930 ж.ж.)

Ш.Жангелдин архивінен

Ал, Аспандиярдың кенже қызы – Лия (Юлия) Клайпеда қаласында (Литва) тұрған. Туысы Ризуан Өтепқалиевқа жазған хаттарының бірінде сонау қиын – қыстау кезеңді еске түсіреді. Әкесі «халық жауы» болып ұсталғанда Лия 2 – 3 жасар сәби болатын. Нақ осы кезде әкесінің өзін (Лияны) алдына алып түскен суретін Ризуанға хатқа қосып жолдапты.

«Менде ата – анамның фотосуреттері мүлде аз сақталған» деп жазады ол. Клайпедадан анамыз ұсталып кеткенде 13 жасар ағамыз Шамиль фотосуреттердің көбін базарға шығарып, 10 сомнан сатуға мәжбүр болды. Өйткені, ішіп – жейтін тамақ жоқ, барар жеріміз тағы да жоқ еді. Әкеміз ұсталғанда ағаларым мені көтерген күйі НКВД үйінің шарбағына алып келген.

Содан репррессияға ұшырағандардың балаларына арналған жетімдер үйіне орналастырған. Ер жеткен соң техникум бітірдім. Ағаларым біраз күн парктегі орындықтарға түнеп жүрді де, кейін Түркіменстаннан бірақ шығады. Осында жұмысқа орналасып, Отан соғысына сол жерден аттанған. Анамызды лагерьден оралғанда көрдім, шашына ақ кіріп, қартайып қалған кез еді…». Ғазиз анасы мәңгілікке көз жұмған соң Лия жиырма жылға уақыт Ақтау қаласында тұрды. Құрметті демалысқа шыққан соң Литваға көшіп барды.

Аспандияр Кенжиннің Бекмағамбет, Есенбай, Өтепқали, Дәулет атты ағалары мен  Бақтияр деген інісі болған. Аспандиярдың інісі – Бақтиярдың ұлы Әбіл Кенжин Гурьевта тұрған. КСРО – ның еңбек сіңірген теміржолшысы. Аспандиярдың Дәулет атты ағасынан туған Мақпал есімді қызы Ақтөбеге тұрмысқа шыққан. Ақтөбе облысында ұзақ жылдар бойы басшылық қызметте болған Кеңес Нөкин осы Мақпалдан туған.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Аронов Жеңіс // Аспандияр Кенжин – ақ жолды аңсаған азамат. – Алматы: «Credos Ltd C» баспасы, 2014. – 92 – 93 б.
  2. Сүлейменова Ә. Тағдырлы тұлға // Ана тілі. – 2009. – 26 ақпан. – Б.10

 

Отбасы