Әлімхан Ермеков

Әлімхан Ермековтің жұбайы  Рақия Шағабетдинқызы Ермекова (1898-1960) 

Әлімхан Ермековтің жұбайы – Рақия Шағабетдинқызы 1897 жылы 17 желтоқсанда Том қаласында туған. Ол жайында мәліметтер өте аз. Том университетінің медицина факультетін тәмамдап, Әлімхан Ермековпен Том қаласында танысқан.  Рақияның ағасы Ғариф Ә. Ермековтің досы болған, Том политехникалық институтында  бірге оқып, студенттердің мұсылман жерлестігі қоғамына         бірге қатысқан.
Рақия Шағабетдинқызы  хирургия мамандығын таңдап, мыңдаған науқасқа ота жасап, денсаулық сақтау ісіне елеулі үлес қосқан. Күйеуінің басына түскен ауыртпалықты «халық жауының әйелі» ретінде бір адамдай көтерген. Қиыр Шығыста айдауда жүргенде тағдырлас әйелдермен бірге тайгада ағаш кескен. Кейбір мәлімет бойынша, Рақия Шағабетдинқызы  Жамбыл өңіріне сол қасіретті жылдары жер аударылып келген. 1940 жылы облыстық ауруханада дәрігер-хирург болып еңбек етсе, көп уақыт өтпей-ақ білімділігін, біліктілігін байқатқан оны облыстық аурухананың бас дәрігері етіп тағайындап, 1941-1948 жылдары осы лауазымды атқарған. Жұбайы Әлімхан бостандыққа шыққаннан кейін Қарағандыға барып, бірге тұрып, 1960 жылы дүниеден озды. Өзінен 10 жылдан соң бақилық болған сүйікті жары Әлімхан екеуі бір жерге жерленген.

Олардың кіндігінен екі перзент – Мағауия атты ұл  мен Раушан (Рауилия) есімді қыз өрбіген.

Ал Раушан инженер мамандығын игеріп, Арменияға тұрмысқа шыққан. Ол туралы мәліметтер жоқ.

Мағауия Әлімханұлы Ермеков (1921-2006)

Мағауия Әлімханұлы Ермеков – Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сары Танас бұтағынан шыққан. 1921 жылы қыркүйек айының бірі күні  Шыңғыстаудың баурайында, Абайдың баласы Тұрағұлдың үйіне қонақтап келгенде туып, ата-анасы оған данышпан ақынның тағы бір ұлының есімін қойған.

Он екі жасар бала Мағауия әкесін тұтқындаудың куәгері болды. Тінту кезінде дүние-мүліктерді қалай төңкергенін, шақырылмаған «қонақтардың» айуандығын көрген.

Отбасын алдымен қала шетіндегі жер төле үйге, сосын қала сыртындағы жер үйге көшірген кезде Мағауия Алматы орта мектебінің төртінші сыныбында оқыған. Бірақ онда да олардың отбасына тыныштық бермей, Үштөбе стансасына Қаратал ауылына көшірген,  онда Ресейдің батыс облыстарынан 300 мыңға тарта қоныс аударушылар тұрған.

Отбасы шешесінің хирург-дәрігер, оның үстіне жақсы ұйымдастырушы және шаруақор болғандығынан ғана аман қалды. Ол Үштөбеде темір жол ауруханасын басқарған.

1939 жылы Мағауия Алматының орта мектебін үздік аяқтағаннан кейін, Ростов Ауыл шаруашылық машина жасау институтына түседі. Екі жылдық оқудан кейін ол Кеңес Әскері қатарына шақырылады, онда 6,5 жыл қатардағы солдаттан аға лейтенантқа, жеке батальон штабының бастығы және әскери училище оқытушысына дейін қызмет еткен. Ол өзінің батырлығымен тұтқында жүрген әкесінің жағдайын жеңілдетермін деген аңғалдықпен майданға сұранғанымен, жазаланушының баласы ретінде жіберілген жоқ.

Әскери қызметін Қарақұм құмдарында Орта Азия әскери округы бөлімдерінде өткізді. Әрбір 2-4 апта сайын майдандағы жағдайға байланысты даярлығы жоқ жауынгерлерден майданға жіберілетін жауынгерлерді даярлады.

1946 жылы әскерден келген соң ол погондары мен ілгектері сөгілген, үйкелген офицер шинелін киіп жүруін жалғастырды (басқа киімі болған жоқ). Канск және Тайшет лагерьлеріне әкесімен кездесуге бірнеше рет барып қайтқан. Осындай әрбір баруы үлкен қиындықтармен өткен. Тас қараңғы түндерде – ауылда электр жарығы болмағандықтан, батпақ арқылы төсемелерден өтуіне тура келген.

1950 жылы Мағауия Әлімханұлы Алматы Тау-кен институтын «Геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау» мамандығы бойынша инженер-геолог атағымен бітіріп шықты. Сол жылы ол Қарағандыға жол тартады, онда учаскелік геолог, кейін «Қазақкөміргеология» тресінде аға геолог болып жұмыс істейді. Басында оны стратегиялық шикізат ретінде көмірге жолатпады да, ол жергілікті құрылыс материалдарымен айналысты. КБА 1953 жылы сол тресте Қарағанды көмір бассейнінің көмірлі қабаттарының газдылығын зерттеу бойынша тақырыптамалық отрядтың жетекшісі болып тағайындалады. 1957 жылға дейін олар газдық сынамалардың әдістемелері мен техникалық құралдарын жасайды, бұл Қарағандының осы мәселені жүйелі түрде зерттеуге жол ашқаны болатын. 1957 ж. М.Ә.Ермеков бір жылдық сырттай аспирантурада оқыған соң, кандидаттық диссертациясын табысты қорғайды.

1958 жылы Қазақ тау-кен металлургия институттың аспирантурасын  бітірген.

Ол 1958 жылдан 1970 жылға дейінгі кезеңде ҚазКСР ҒА химия-металлургия институтында, ҚҒЗКИ, Шығыс ҒЗИ алдымен АҒҚ лауазымында, ал 1963 ж. бастап зертхана бастығы ретінде бассейннің газдылығы мәселесімен еңбектенуін жалғастырады. 1968 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ізденуге диссертациясын қорғайды.

1968 жылы Қарағанды политехникалық институтының геология кафедрасының профессоры болып сайланады, ал 1970 жылы оның меңгерушісі болып тағайындалады, геофизика, тау-кен және құрылыс мамандықтарының студенттеріне геологиялық барлау, құрылымдық және инженерлік геология, гидрогеология, мұнай мен газды кен қабаттарынан дәрістік курстар жүргізеді. Бұларға қоса көмір қабаттарының газдылығы жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізеді (Ғылым және техника жөніндегі Мемлекеттік комитет тақырыбы бойынша). Геологиялық факторлардың, қойнаулар термодинамикасының газдылығына сандық бағалаудың бірегей әдістері жасалады.

Олар Қарағанды бассейнінің газдылығының бірінші картасын құрастырады, ол жеткілікті түрде газдың молдылығын дәлелмен болжауға, нормативтік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

Өндіріске практикалық көмек көрсеткені үшін М.Ә. Ермеков бірнеше рет «Көмір өнеркәсібі Социалистік Жарысының үздігі», «Шахтер даңқы» белгілерімен марапатталады,. Оның есімі Құрмет кітабына және облыстың Құрмет тақтасына енгізіледі. 1980 ж. шахталарда жарылысқа қауіпті метанмен күресудің физика-химиялық негіздерін жасау жөнінде жұмыс циклі үшін оған академик А.А.Скочинский атындағы диплом мен сыйлық берілді.

1979-80 жылдары оның авторлық бірлестігімен үш томдық «КСРО көмір бассейндері мен кен орындарының газдылығы» монографиясын баспадан шығарады да, М.Ә.Ермеков КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері болады. 1983 жылы Қазақ Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланады.

М.Ә. Ермеков геологиялық және тау-кен мамандығының 13 кандидатын қорғауға даярлайды.

Жоғарыда аталған үш томдық монографиядан басқа оның 160-тан астам баспа жұмысы түрлі одақтық басылымдарда жарияланып, төрт авторлық куәлік алған. Көптеген жұмыстарда көмірлі түзілімдердің газдылылығы мәселесі, бірегей аспаптар және газдық сынамалар әдістері, қойнаулар термодинамикасы сипатталды.

Оның көмір кен орындары газ динамикасы бойынша зерттеулері көмір шахталарында метан болуын анықтау жөніндегі жөнелту пункті болып табылады және тек ТМД мемлекеттерінде ғана емес, сондай-ақ Чехия, Польша, Словакия, АҚШ, Канада, Австралияда кеңінен пайдаланылады.

М.Ә. Ермеков газ молдылықты дәлелді түрде болжауға, нормативтік құжаттарды жазуға мүмкіндік беретін Қарағанды бассейнінің алғашқы газдылық картасын жасаған.

2006 жылы Қарағандыда қайтыс болған.

 

Әлімхан Ермековтің немересі –Олег Мағауияұлы Ермеков (1953) 

Ермеков Олег Мағауияұлы – 1953 жылы дүниеге келген. Политехникалық институтың түлегі, техника ғылымдарының кандидаты. Облыста еңбек жолын геофизикадан сәтті бастап, Қарағанды политехникалық институтында дәріс берген. Қарағанды облысында экономика басқармасының бастығы қызметін атқарып, кейінгі уақытта ұлы Әділмен бірге білім саласындағы бизнеске басшылық жасауға ауысып, Ұлыбританиялық «Maryadi education» компаниясымен бірге әлем бойынша ересектер мен балаларға тілді оқытудың курстарын ұйымдастыруда. 

Әлімхан Ермековтің шөбересі – Ермеков Әділ Олегович (1978)

 Ермеков Әділ Олегович 1978 жылы дүниеге келген. Англиядағы Портсмут университетін бітірген. Корпоративті қаржы және халықаралық маркетинг маманы. Лондонда көпұлтты электроника және электронды микро компоненттер компаниясында жұмыс істейді.

Әдебиеттер тізімі

  1. Әлімхан Ермеков “Алаш үшін арым да жаным да садаға” деген сөзіне өмір бойы адал болып өтті / Қ. Өскембаев, А Есенғали // Жұлдыздар отбасы. – 2017. – №18. – Б. 21-24
  2. Кыдыралина Ж. У. Алимхан Ермеков: судьба и время. – Астана: Фолиант, 2015. – 440 с.
  3. Өскембаев Қ. Әлімхан Ермеков: тұлға тағылымы. – Қарағанды: Арко, 2013. – 340 б.