Нұрмұхамедұлы Қазы (1896 – 1918)

Алаш қозғалысының қайраткері, Алаш сарбазы Қазы Нұрмұхамедұлы 1896 жылы Семей уезі, Еңірекей болысында дүниеге келген. Ол Семейде екі кластық мектеп бітіріп, бірер жыл елінде мұғалім болып істейді. Қазы 1915 жылы Семейдегі семинарияға оқуға түседі. 1917 жылы семинарияда оқып жүріп, Алаш мүддесіне қызмет етуді мұрат етіп ұстанады. Алаш қайраткерлерінің елдік істерін қолдаушы азамат 1918 жылдың қысында Семейдегі Алашттың атты әскеріне басшы болып  тағайындалады. 1918 жылдың 6 наурыз күні Алаш қаласында  атты милицияның сарбаздарын жаттықтырып жүрген кезіңде Қазы Нұрмұхамедұлын қызыл әскер солдаттары атып кетеді. 1918 жылдың 7 наурызыңда Алаш үшін жаның қиған тұңғыш құрбан ерекше құрметпен жерленеді. Жерлеу кезінде Шәкәрім қажы ел алдында сөз сөйлеп, ер қазасын қасиетті өлім деп бағалайды. Міржақып Дулатұлы Алашұлын жоқтаған өлеңін оқиды. Райымжан Мәрсеков, Жанғали қажы, Мұстахым Малдыбаевтар сөз сөйлейді. Қазы Нұрмұхамедұлының бірге оқып жүрген жолдасы Жүсіпбек Аймаутұлы жоқтау сөзін айтып, Сәбит Дөнентайұлы «Алаштың алғашқы құрбанына» деген өлеңін арнаған.

Әдебиеттер:

  1. Алаш туы тігілген өңір (Алашорданың 100 жылдығына орай) / құраст. М.Қ. Каримов, М.Қ. Асылбеков, Н.С. Нанбекова. – Семей, 2015. – 311 б.
  2. Асылбеков М. Қазы Нұрмұхамедұлы – алаштың алғашқы құрбаны // Ертіс өңірі. – 2016. – 15 маусым. – Б.10
  3. Кенемолдин М. Алаш қаласы // Абай. – 2014. – №5. – Б.26-33
  4. Нұрмұхамедұлы Қазы / Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы: энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: Сардар, 2014.- Б.324

Интернет с ілтемелер:

https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазы_Нұрмұхамедұлы

Анаш Д. Алаш әскері: http://old.abai.kz/content/alash-eskeri

Асылбеков М.Қ. Алаштың алғашқы құрбаны Қазы қалай қаза болды? http://zheruiyq.kz/2016/06/23