Авторлар
Аққұлұлы Жүсіп Сұлтанхан
Аққұлұлы Жүсіп Сұлтанхан – филология ғылымдарының кандидаты, PhD. Белгілі әлихантанушы-ғалым, халықаралық журналист. 2013 жылдан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры. 1991-1994 жылдары ол Ресей мұрағаттарынан Ә.Бөкейханға қатысты мол мұра тауып, 1995 жылы Алаш көшбасшысының «Таңдамалысын» құрастырып, бастыртты. Алаш көшбасшысы Ә. Бөкейхан шығармашылығы мен қайраткерлік еңбегі бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2011 жылы Ә. Бөкейханның 9 томдық шығармалар жинағын даярлап бастыртты.
Аманжолова Дина Ахметжанқызы
Аманжолова Дина Ахметжанқызы – тарихшы-ғалым, белгілі алаштанушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан мұрағаттары» ақпараттық және ғылыми-практикалық журналының редколлегия мүшесі, «Ресей және Қазақ автономиясы. Алаш қозғалысының тарихы (1905-1920 жж.)», «Сын сағатта: Қазақстан этно-саяси тарихындағы Алаш қозғалысы» кітаптарының авторы.
Ахмет Өтен
Ахмет Өтен – журналист, драматург. Алаш қайраткерлерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлы мен оның адал жары Александра-Бәдрисафа өміріне арналған «Азапты жолда» деп аталатын екі бөлімді драмалық элегияның авторы. Мұхтизар Титақұлының «Мұрат үшін майдан» – екі бөлімді оптимистік тарегедиясын өңдеген.
Ахмедов Ғалым Хакімұлы
Ахмедов Ғалым Хакімұлы – жазушы, аудармашы. Шығармашылық жолын аудармашылықтан бастап, Б.Горбатовтың “Бағынбағандар” повесін, И. Тургеневтің “Соны сүрлеу”, “Түтін”, К.Фединнің “Алау” романын, Л.Толстой, А.Чехов әңгімелерін аударған. Кейін төл туындылар жазуға ден қойып, өнімді еңбек етті. Ел өміріне, тарихына байланысты терең ойлы, зерделі еңбектер жазды. «Жорық жылдары», «Жем бойында» романы, «Ескі достар» әңгімелер кітабы жарық көрген. Алаш тақырыбына байланысты «Алаш Алаш болғанда» атты прозалық кітаптың авторы. Мұнда “Алаш” партиясы мен “Алашорда” үкіметінің құрылуы, автономиялы ұлт республикалары құрылған кездегі ұлт мәселесі баяндалады.
Әбжанов Хангелді Махмұтұлы
Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор. Х. Әбжанов 50-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 монографияның авторы. «Алаш және ұлттық идея», «Миссия интеллигенции», «Алаш зиялысы», «Алаш аманаты және ұлттық идея» атты мақалаларында, А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, М.Тынышбаев, Н.Төреқұлов, С.Сәдуақасов, т.б. тұлғаларға арналған зерттеулерінде XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының тағдыры, қоғамдық-саяси көзқарастары мен қызметі, Ресейдегі либералдық қозғалыспен ықпалдастығы, большевизммен арақатынасы, қоғамның интеллектуалдық әлпетін нығайтудағы рөлі сараланған.
https://kk.wikipedia.org/wiki/
Әбдешев Марат Ескендірұлы
Әбдешев Марат Ескендірұлы – белгілі зерттеуші, музейтанушы. 100-ден астам ғылыми-танымдық мақалалардың, Базарбай Мәметов, Сатылған Сабатаев, Мұхаметжан Тынышбаев, Уәлитхан Танашев, Ғұбайдолла Бердиев, Шафқат Бекмұхамедов т.б. Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына қатысты көптеген энциклопедиялық мақалалардың және «Алаш Орда» министрлері» кітабының авторы.
Әбдиманұлы Өмірхан
Әбдиманұлы Өмірхан – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ әдебиетінің тарихы және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор. Алаш тарихын, Алаш арыстары шығармашылығын зерттеп, бірнеше іргелі еңбектер жазған әдебиет зерттеушісі. Ғалымның Алаш әдебиетіне арналған «Қазақ газеті», «Ахмет Байтұрсынұлы», «Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық идея» атты монографиялық зерттеулері және ғылыми мақалалары бар
Әнес Ғарифолла
Әнес Ғарифолла – тілші-ғалым, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. «Арыс» баспасының және 1992 жылдан репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының президенті. Алаш зиялыларының тағдыры туралы деректерді құрастырып, шығарушылардың бірі. Х.Досмұхамедовтің «Аламан» жинағын құрастырған.
Боранбаева Бақтылы Сансызбайқызы
Боранбаева Бақтылы Сансызбайқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Ақын, Алаш қайраткері «Ғұмар Қараш. Қоғамдық-саяси қызметі» атты монографиялық еңбектің авторы.
Өлке тарихының өзекті мәселелеріне арналған 100-ге жуық ғылыми – танымдық мақалаларының авторы.
Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы
Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің еуразиялық зерттеулер кафедрасының меңгерушісі, «Қазақтың шығармашылық интеллигенциясының тарихы (1917-1941)», «Қазақстандағы XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы шығармашылық интеллигенциясының қалыптасу тарихынан», «Өркениет өріндегі қазақ зиялылары» кітаптарының авторы.
Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы
Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы – заң ғылымының докторы, профессор. Қарағанды қаласындағы «Болашақ» институтының ректоры. 200 ден аса ғылыми еңбектердің авторы. Ғалымның Алаш тақырыбына арналған «Жақып Ақбаев» монографиясы, «Алаш ардақтылары: Санкт-Петербург іздері» атты кітаптары бар. Бұл еңбектерде Алаш ардақтыларының өмірі мен қайраткерлігіне қатысты біраз жылдардан бері тұрақты зерттеп, жазып, жариялап келе жатқан зерттеулері топтастырылған.
Жұмағұлов Сағымбай Ботпайұлы
Жұмағұлов Сағымбай Ботпайұлы – ғалым, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Сағымбай Ботпайұлы 300 ден аса ғылыми мақалалардың, 2 оқу құралының, 2 монографияның, 2 электронды оқыту құралының авторы. Профессор С.Жұмағұлов қазақ әдебиетінің тарихына қатысты көлемді еңбек жазып, алаштану бойынша еңбек етуде.
Жұртбай Тұрсын Кұдакелдіұлы
Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы – жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы, Л.Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университетінің жанынан құрылған «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры. «Бесігіңді аяла!», 3 томдық «Ұраным – Алаш…», 2 томдық «Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар», «Сүре сөз», «Болашақтың бәйтерегі», «Жер бесік», «Дара тұлға», «Бесқарагер», «Қалибек Қуанышбаев», «Күйесің, жүрек… сүйесің», «Қар астындағы көбелек» т.б. туындылардың авторы.
Еспенбетов Арап Сләмұлы
Еспенбетов Арап Сләмұлы – ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық биографиясы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми еңбектері қазақ әдебиеттану саласының өзекті мәселелеріне арналған. А.Еспенбетов 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде «Сұлтанмахмұт Торайғыров» монографиясының авторы.
Кәрімов Мұхтарбек Карпықұлы
Кәрімов Мұхтарбек Қарпықұлы – Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, университеттің Академик Манаш Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер ғылыми орталығының директоры. М.Кәрімов көптеген ғылыми басылымдардың, оның ішінде «Қазақтың даңқты қолбасшысы Қаракерей Қабанбай», «Әбілпейіз», «Тарбағатай» монографияларының, «Шығыс Сарыарқа. Қарқаралы өңірінің өткені мен бүгіні» ұжымдық монографиясының, «Орыс, қазақ және Батыс Европа экономикалық ойының тарихы (ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басы)», «Экономика таможенного дела в Республике Казахстан» және т.б. оқу-әдістемелік құралдары авторларының бірі. Оның қаламынан туындаған 150-ден астам ғылыми мақалалар еліміздің және Ресей Федерациясының, Қытай Халық Республикасының, Германия Федеративтік Республикасының, Монғол Ұлысының ғылыми басылымдарында жарық көрген.
Кемеңгер Қайырбек
Кемеңгер Қайырбек – филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті. Алаш арыстарының бірі – Қошке Кемеңгердің туған шөбересі. Қ.Кемеңгер «Атамның аманаты», «Омбыда оқыған қазақтар», «Алаш дәуір әдебиеті», «Олжабай Нұралыұлы», «Әлихан әлемі» еңбектерінің авторы. Бірқатар энциклопедия, альманах, антология, жыр жинақтарын құрастырған. Баспасөзде, ғылыми жинақтарда Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, А.Тұрлыбайұлы, О.Әлжанұлы, Ж.Ақпайұлы, М.Айтпенұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабайұлы, С.Сейфоллаұлы, Қ.Кемеңгерұлы, М.Әуезұлы, С.Садуақасұлы, Б.Айбасұлы, Қ.Тоғамбайұлы сынды Алаш қайраткерлері жайында танымдық мақалалары жарияланған.
Кенемолдин Мұратбек
Кенемолдин Мұратбек Мүфтиұлы – алаштанушы, қаламгер-тарихшы. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Қазақстан Республикасы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
Алаш қозғалысы тақырыбына арналған қырыққа жуық архивтік деректерге негізделген материалдары республикалық газет-журналдар мен интернет-саиттарда, халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинақтарында жарияланған. Сондай-ақ, «Өнегелі өмір асулары», «Аңшы Жекен» сынды тағы басқадай бірнеше кітаптардың авторы. Алаштың «Ақ жолы» жалпыұлттық шығармашылық байқауының лауреаты. Зерттеу еңбектері мен өмірбаяны «Шәкәрім» энциклопедиясы және «Алаш қозғалысы» энциклопедиялық анықтамалығына енген.
Қамзабекұлы Дихан
Қамзабекұлы Дихан – филолог, әдебиет тарихшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы. Л.Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, Л.Гумилев атындағы ұлттық Еуразия университеті «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры. «Смағұл Сәдуақасұлы», «Руханият», «Алаш және әдебиет», «Пайым» атты монографиялардың, «Ағартушылық және әдебиет» оқу құралының, Жүсіпбек Аймауытовтың 5 томдығын, Смағұл Сәдуақасұлының 2 томдығын, Қошке Кемеңгерұлы таңдамалы шығармаларының, Қошке Кемеңгерұлының 3 томдығының авторы.
Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы
Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы – Қазақстан тарихшылары қауымдастығының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Қазақстанның жаңа және қазіргі тарихы» кафедрасының меңгерушісі. Тарих ғылымында Алаш қозғалысы тарихына жаңа көзқарас қалыптастырды. Сондай-ақ, орта ғасырдағы қазақ ғұламасы, тарихшы Қадырғали Қосымұлының “Жылнамалар жинағы” ортағасырлық тарихи жазба дәстүрі негізінде өмірге келген құнды еңбек екендігін ғылыми тұрғыда негіздеді. «Тарих – күрес алаңы», «Тарих-адамзат ақыл-ойының қазынасы» 4 томдық кітаптардың авторы.
Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы
Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы – жазушы, публицист, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты. Алаш ардагерлерінің соңында қалған мұралары мен олардың күрес жолын, өмірбаянын зерттеп танымдық, тағылымдық әрі көркем дүниелер жазып жүрген жазушы-ғалым. Алаш қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов, Бақытжан Қаратаев, Әлихан Бөкейхановқа арналған кітаптары бар.
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы – ҚР мемлекет және саясат қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, заң ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. 100-ден аса ғылыми еңбектері, оның ішінде 6 монографиясы жарық көрді. Алаш тақырыбына байланысты «Алаш ардагері Жақып Ақбаевтың саяси құқықтық көзқарастары», “Алаш” бағдарламасы: қиянат пен ақиқат, «Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастырының эволюциясы» кітаптарының авторы.
Мажитов Равиль Сидағатұлы
Мажитов Равиль Сидағатұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, заң доценті. ҚР Бас Прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету Департаментінің прокуроры. 1938 ж. саяси репрессияның құрбаны, Батыс Қазақстандағы «Алаш» қозғалысының жетекшісі, қазақтың тұңғыш заңгерлерінің бірі, Томск аймақтық сотының прокуроры – «Жаһанша Досмұхамедовтың қоғамдық-саяси қызметі» тақырыбындағы кандидаттық диссертацияны қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2006 жылдан М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мемлекет және құқық теориясы және конституциялық құқық» кафедра менгерушісі қызметін атқарып, 2008 жылдан прокуратура органдарында, қызмет атқарып келеді. Р.Мажитов 40 астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 2007 жылы «Арыс» баспасынан шыққан «ЖаҺанша Досмұхамедов» атты ғылыми монография, 2011 жылы жарық көрген «Прокурорлық қадағалау актілерінің үлгілер жинағы» оқу әдістемелік құрал және т.б. Жас ғалымдар арасында «Сорос» қорымен жарияланған «АҚШ заңгерлер мектебі» оқу грантының иегері.
Махат Данагүл Ахметкаримқызы
Махат Данагүл Ахметкарімқызы – тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан құрылған «Отырар» кітапханасы ғылыми орталығы директорының орынбасары. «Сталиншілдіктің Қазақстанда орнығуы (1925-1956)», «Тіл мен діл тағдыры: тарихи деректер, уақыт бедері және ақиқат» кітаптарының авторы.
Мәрсекова Тұрдықан Шериязданқызы
Мәрсекова Тұрдықан Шериязданқызы – Алаш қайраткері Райымжан Мәрсековтің немере туысы, «Кешулер: автобиографиялық эссе» кітабының авторы.
Мұқанов Қайролла
Мұқанов Қайролла – Қазақстан журналистер одағының мүшесi, Солтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Асыл мұра» орталығының қызметкерi, ардагер ұстаз, өлкетанушы. Туған өлкенiң атақты адамдары туралы деректер жинап, мақала-очерктер, кiтаптар шығарумен айналысып келедi. Мағжан Жұмабаев туралы «Ақын ізі», Ж.Тлеулин туралы Жумагали Тлеулин – деятель «Алаш-орды» кітаптарын шығарды. Сонымен қатар, Мiржақып Дулатов, Нәзiр Төреқұлов, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов туралы туындылардың авторы.
Мұхамедхан Дина Ғабдұлқайымқызы
Мұхамедхан Дина Ғабдұлқайымқызы – абайтанушы, ғалым Қайым Мұхамедхановтың қызы, Phd докторы, Қайым Мұхамедханұлы атындағы Білім және мәдениет орталығының директоры, профессор. Дина Мұхамедхан абайтанудың негізін салушы, ғалым-шәкәрімтанушы, Қазақ ССР-і мемлекеттік гимнінің сөзін жазған Қ. Мұхамедхановтың әдеби мұрасын сақтау және есте қалдыру ісімен айналысады. Әке мұрасын тақырып бойынша сұрыптау – қайта жинақтауда, өлкетану, театр, тарих, абайтану, әуезовтануға арналған және өзге де аты көпке мәлім емес авторлардың шығармаларына қатысты жазбаларын жинақтап болашақта баспадан шығаруға, архив материалдары мен қолжазбаларының әлі де зерттелуіне тікелей ат салысуда.
Мүрсәлім Болат
Мүрсәлім Болат – белгілі тележурналист, әдебиеттанушы. Алаш қайраткерлері туралы «Алашорда», «Кремль тұтқыны, «Ғұмырдан да ұзақ жол», «Ең ақырғы кездесу», «Жұлдызды ғұмыр», «Алаштың алыс кеткен арыстары», т.б. деректі фильмдерінің сценарий авторы. «Алашорда», «Алаш автономиясының әскері» кітаптарының авторы.
Өскембаев Қанат Сәдуақасұлы
Өскембаев Қанат Сәдуақасұлы – академик, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарих факультетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты. «Алаштың Әлімханы, Тұлға тағылымы», «Ә.Ермековтің қоғамдық-саяси және ағартушылық кызметі» кітаптарының авторы.
http://www.ksu.kz/modules.php?name=Content&pa=showpage&pid=2519#
Нұрпейісов Кеңес
Нұрпейісов Кеңес – ең алғаш алаштану негізін қалаған тарихшы, академик, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтардың зерттелуіне ұйытқы болған ұлтымыздың ірі тұлғасы. 460-тан астам ғылыми еңбек, 20-дан астам монография мен мектеп оқулықтарын жазған. Бес томдық Қазақстан тарихының екі басылымында Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы, ұлттық-мемлекеттік құрылыс пен Қазақстанның ХХ ғасырдағы қоғамдық-саяси өмірінің өзекті мәселелері, Алаш қозғалысы мен 20 ғасырда Қазақстанда орын алған саяси қуғын-сүргін тарихын жазды. Қазақстан тарихының 5 томдық ұжымдық жинағын шығаруға қатысқаны үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен технология қайраткері.
Озғанбай Өмірзақ
Озғанбай Өмірзақ – тарих ғылымдарының докторы, профессоры. 200-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. «Дәуір бел- белестерінде», «Халықтан асқан ұстаз жоқ», «Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан», «Қара нар керек бұл іске», «Атамекен хикаялары», «Рух күрескері. Духоборец» кітаптарының авторы. Ғалымның еңбектерінде Алаш қайраткерлерінің саяси қызметтері мен қоғамдық істері жөнінде ғылыми қорытынды жасалған. Алаш қайраткерлері Алпысбай Қалменов, Бақытжан Қаратаев туралы кітаптары бар.
Сайлаубай Ерлан Ерназарұлы
Сайлаубай Ерлан Ерназарұлы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық унивеситеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты. «Алашорда үкіметінің шығыс бөлімі» ғылыми еңбектің, «Алашорда әскері», «Шәкәрімнің үшінші фотосы», «Семейдегі бүкілресейлік құрылтайға сайлау» мақалаларының авторы.
http://arheology.kz/personali/92.html#
Сақ Қайрат Өмірбайұлы
Сақ Қайрат Өмірбайұлы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ЕҰУ-нің профессоры. «Ұлттық сана ұйытқысы», «Алаш мұрасы» кітаптарының авторы, «Қазақ газеті», «Алаш көсемсөзі: жер мәселесі», «Алаш көсемсөзі: тіл мәселесі», «Алаш көсемсөзі: дін мәселесі» кітаптарын құрастырушы.
Сұлтанбеков Мұрат Рахымжанұлы
Сұлтанбеков Мұрат Рахымжанұлы – ақын, ғалым, абайтанушы, аудармашы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты. «Синий меридиан. Алашорда. Атилла», «Величие таланта Мухтара Ауэзова», «Чайки Прииртышья», «Казах в зеркальном отражении» шығармаларының авторы.
http://semeylib.kz/?page_id=1305&page=6
Сұлтанов Өмірзақ Сембайұлы
Сұлтанов Өмірзақ Сембайұлы – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты. «Мұхтар Әуезов және спорт өнері», «Қазақтың экономика ғылымы және Алаш қайраткерлері», «Семей – Қазақстан футболының Отаны», «Шабыт қайнары» кітаптарының авторы.
Сүлейменова Дәметкен Досмұханқызы
Сүлейменова Дәметкен Досмұханқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. «Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. «Жаһанша елі» атты әдістемелік оқулықтың, «Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы – өлке тарихының құрамдас бөлігі», «Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы», «Алаш қозғалысы және Жаһанша Досмұхамедов» кітаптарының және 30-дан аса ғылыми мақалалардың авторы.
Сыдықов Ерлан Бәтташұлы
Сыдықов Ерлан Бәтташұлы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті, академигі, тарихшылар ұлттық конгресінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор. «Шәкәрім және Алашорда: ғылыми жинақ», «Алаш қаласының тарихы», «Алашорда және ұлт зиялылары», «Шакарим и Алашорда: вопросы шакаримоведения» туындыларының және 100-ден аса ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.
Тәбәрікұлы Сейітмұхамет (Сейітжан)
Тәбәрікұлы Сейітмұхамет – Алаш тарихын зерттеуші, тарихшы. «Қайран, Мәннан», «Алаштың алтын қөпірлері», «Тауқымет», «Жүрек сөйлейді», «Тұлпардың ізі өшпейді», «Замананың тозағы мен тұзағы» кітаптарының авторы.
Тайшыбай Зарқын Сыздықұлы
Тайшыбай Зарқын Сыздықұлы – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, этномәдени ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі. Алаш әдебиетінің көрнекті өкілі М.Жұмабаевқа арналған «Мағжанның Қызылжары» және Алаш қозғалысының қайраткері туралы жазылған «Жақып Ақбаев. Күрескерлік өмірбаяны» (Н. Дулатбековпен бірге) зерттеулері бар. Сонымен бірге Ә.Бөкейхан, Ж.Ақбаев А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Әуезов, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгеров, С.Сәдуақасов т.б. Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы тың деректерге құрылған ғылыми мақалалары жарық көрген.
http://kzbydocs.com/docs/110/index-52144.html
Тәж-Мұрат Мақсат
Тәж-Мұрат Мақсат – әдебиеттанушы-ғалым, эссеист, филология ғылымдарының кандидаты. «Шәңгерей: жасампаздық өмірі», «Батыс Алашорда: библиографиялық сөздік тәжірибесі» кітаптары мен көптеген мақалалардың авторы. Алашорданың Батыс бөлімі туралы зерттеулер жүргізген. Алаш қайраткерлері А.Абылаевтың, Қ.Асановтың, Ғ.Әлібековтің, Ғ.Есшғұловтың, К.Жәлшовтың, А.Мәметовтың, Н.Ипмағамбетовтың, С.Қаратілеуовтың т.б. өмірбаяндарын жазған.
Төлепберген Болатбек Көрпебайұлы
Төлепберген Болатбек Көрпебайұлы – журналист, мемлекет қайраткері, философия ғылымының кандидаты. Ұлттық мәселелер, тарихи ақтаңдақтар және демократия принциптері турасында өз авторлығымен және құрастыруымен жиырмаға жуық кітапты жарыққа шығарған. «Мәңгі жас – Алаш идеясы» аталатын кітаптың авторы Алаш идеясын, қазақ елінің ұлттық мұрат-мүддесін қорғау жолында өмірге келген құбылыстарға байланысты өз тұжырымдарын оқырман назарына ұсынады. «Сүйікті менің Отаным» және «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» деректі фильмдердің авторы.
Тілешов Ербол Ердембекұлы
Тілешов Ербол Ердембекұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру әдістемелік орталығының директоры. «Суреткер және көркемдік әдіс» монографиясының, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев шығармашылығына, Алаш әдебиетіне қатысты мақалалардың авторы, «Алаш қайраткерлері» библиографиялық көрсеткіші және «Алаш және Әуезов» жинағының құрастырушысы.
Тілеубаев Шәмек Баянұлы
Тілеубаев Шәмек Баянұлы – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтының «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, тарихшы-ғалым. Қазақстан Тарихшылары қауымдастығының төрағасы Мәмбет Қойгелдімен біріге отырып, Мағжан Жұмабаевтың «Табалдырық» атты құжатын баспаға әзірлеп, шығарған.
Тоқтарбай Елдос Нүсіпұлы
Тоқтарбай Елдос Нүсіпұлы – жазушы, әдебиеттанушы-ғалым, сыншы, алаштанушы, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Әдебиеттану» мамандығы бойынша РһD ғылым докторы. Елдос Нүсіпханұлы 3 прозаның, 5 ғылыми, оқу-әдістемелік құралдың және 15 кітаптың құрастырушысы. Көркем әдеби шығармалары «Кәусар бұлақ» (2012), «Аңсар» (2013), «Балауса жырлар» (2014), «Тәтті алма» (2015), «Жетісуға құйылған жылғалар» (2017) сияқты ұжымдық жинақтарына енген. «Мен де АрқМПИ түлегімін…» (2014), «Ақ желкеннің ұландары» (2015) прозалық кітаптары мен «Қайраткер, ғалым, қаламгер Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұрасы» (2013), «Қазақ әдебиеті тарихындағы түрме шығармашылығы және эмигранттық кезең» (Генезис.Эволюция. Поэтика), «Барлыбек туралы бірер сөз…» монографиясының авторы.
Шаңбай Қасенұлы Тұрдығұл
Шаңбай Қасенұлы Тұрдығұл – әдебиеттанушы-философ, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық музейінің директоры. «Ұғым мәдениеті» кітабының авторы. «Шәкәрім» энциклопедиясын, алты томдық «Шәкәрімтану мәселелері», «Алаштану мәселелері» және «Халық тарих толқынында» сериялық ғылыми жинақтарын, «Восточная Алашорда» ғылыми жинағын, «Лев Гумилев» тұлғалық энциклопедиясын құрастырушы.
Ырысбекұлы Айдын
Ырысбекұлы Айдын – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Сараптамалық Кеңесінің (ЭС) геральдист-сарапшысы, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, алаштанушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі. 1918 жылы Семей қаласындағы Алаш автономиясының өмірінен алынып 1935 жылы Титақов Мұхтизар Түліқұлының авторлығымен жазылған «Мұрат үшін майдан» драмасын Семей қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитетінен алып, баспаға әзірледі. Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы сынды Алаш қайраткерлері жайында танымдық мақалалар жариялады. «XXI ғасырдағы Алаштың Ақжолы», «Мәрт азамат», «Алаштың құнын қалай қайтарамыз», «Алаш жолы» кітаптарының және 300-ден аса ғылыми-публицистикалық мақалалардың авторы. «Үшаралдың батыры» деректі фильмі cценарийінің авторы және режиссері.
Ілиясова Күлпаш Мырзамұратқызы
Ілиясова Күлпаш Мырзамұратқызы – Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, алаштанушы. «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы» көп томдық кітабының «Қазақ съездері» аталатын 4-томын құрастырған. XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қызметі, Алаш автономиясы және Алашорда бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.
Ісмақова Айгүл Серікқызы
Ісмақова Айгүл Серікқызы – филология ғылымының докторы. Әдебиеттанудағы ғылыми ізденістерінің негізгі бағыты – қазақ әдебиетіндегі жанр, стиль өзгешеліктері мен ерекшеліктері мәселесі. 2009 жылы «Алаш әдебиеттануы», 2015 жылы «Тәуелсіздік және Алаш ғылымы» кітаптары жарыққа шықты. Алаш әдебиетінің экзистенциалдық мәселесі» атты ғылыми монографиясында Әуезовтің шығармаларын Алаш жазушылары туындыларының контексінде зерттеді. «XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ көркем прозасының поэтикасы (тақырып, жанр, стиль)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.