Әлиханов Фазылағзам Ақатайұлы (1891-1938)
Алаш қозғалысының қайраткері, инженер – архитектор, экономист. 1891 жылы Семей облысы, Өскемен уезі Сібе болысында ауқатты отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Тілеуберді Қозыбайұлы Көкпекті округының аға сұлтаны, бергі атасы Ғалихан Саржомарт өз елінің болысы болған. Фазылғазым әуелі Өскеменде, кейін Омбыда оқыды. Сонда жүріп қазақ жастарының «Бірлік» қауымына мүше болды.
1917- 19 жылдары Омбы, Семей, Өскеменде Алашорда істеріне белсене араласты. «Алаш» партиясының жергілікті ұйымдарының қызметін жолға қоюға атсалысты.
1920 жылы Казверкомның Өскемен уезі бойынша уәкілі. 1922 жылы Семей губаткомы төрағасының орынбасары болды. 1930 жылға дейін Қазақстан астаналары Орынбор, Қызылорда, Алматыда әртүрлі жауапты басшы қызметтер атқарды. 30 жылдары Қазақ АКСР-ы Тамақ өнеркәсібі халкоматында инженер-экономист болды. Сәулетші ретінде өндіріс орындарын салуға, атап айтқанда Балқаш балық комбинаты, Алматы сыра зауыты т.б көп еңбек сіңірді.
КСРО Жоғарғы соты Әскери Алқасының үкімімен «халық жауы» аталып,1938 жылы 27 ақпанда атылды.
1957 жылы 26 маусымда толық ақталды.
Әдебиеттер тізімі:
Азалы кітап =Книга скорби. А., 1996.
Алаш. Алашорда: энциклопедия. – Алматы Арыс, 2009. – Б.75.
Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б. 216.
Интернет сілтеме:
Әлиханов Ф.// https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%
Әлиханов Ф.//https://esimder.pushkinlibrary.kz/kz/d-alashkz/1608-.html