Жұмабаев Мағжан (1893-1938)

25Жұмабаев Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы) дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. “Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы сынды Алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, “Қазақ” газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. “Алаш” партиясының Ақмола облыстық комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті. 1918-1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919-1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.

М.Жұмабаев 1927-1929 жылдары Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 жылы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаумен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда М.Жұмабаев Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесіледі.

Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны “хакім” деп атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты.

Әдебиеттер:

  1. Жұмабаев М. Өлендер, дастандар, әңғіме. – Алматы: “Ан-Арыс”баспасы, 2009. – 314 б.
  2. Жұмабаев М. Көп томдық шығармалар жинағы. Т.3: Аудармалар, ғылыми, еңбек, мақалалар. – Алматы: Жазушы, 2005. – 232 б.
  3. Жұмабаев М. Шығармалар: 3 Томдық. – Алматы: Білім, 1995. – 256 бет
  4. Жұмабаев М. Шығармалар жинағы. – Алматы: “Өлке”баспасы, 2013. – 384 б.
  5. Жұмабаев М. Шығармалар: Үш томдық Т.2, 3. – Алматы: Білім, 1996. – 512 б.

***

 

  1. 1937-2007 Тауқымет пен тағзым. – РИИЦ (Алматы), 2007. – 296 б.
  2. Айқап: энциклопедия / құр. Ү. Сұбханбердина. – Алматы: “Қазақ энциклопедиясы”, 1995. – 366 б.
  3. Алаш Ақиықтары: мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар. – Алматы: Алаш, 2006. – 288 с.
  4. Алаш көсемсөзі: 10 томдық. Кіт.2: “Шолпан” журналы. – Алматы: Өнер, 2010. – 360 б.
  5. Алаштану мәселелері. Сериялық ғылыми жинақ. Т.1. – Семей: Таным, 2010. – 420 б.
  6. Алаш-таным. Ғылыми мақалалар жинағы. Т.1. – Семей: Алаш-таным ЖШС, 2012. – 420 б.
  7. Алаштың тілдік мұрасы : Электронды Қолжазба. – Алматы: “КИЕ” лингвоелтану инновациялық орталығы, 2009. – 364 б.
  8. Ахмет К. Сәбит Мұқанов – Алаш әдебиетін зерттеуші. – Алматы: “Қазақ университеті”, 2009. – 108 б.
  9. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы: Жібек жолы, 2005. – 509 б.
  10. Базарбаев М. Таңдамалы шығармалар: Көрікті ойдан – көркем сөз. – Астана: “Нұра-Астана”баспасы. – 2009. Т.2. – 352 б.
  11. Байменова Б.С. Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы. – Астана, 2002. – 31 б.
  12. Бес арыс: естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар / құраст. Д. Әшімханов. – Алматы: Жалын, 1992. – 544 б.
  13. Боқаева А. М.Жұмабаев поэзиясындағы образ эволюциясы және симметрия проблемасы / А. Т. Боқаева. – Алматы: Әрекет-Принт, 2009. – 28 б.
  14. Досжанов Д. Абақты. – Алматы: “Қазақстан” , 1992. – 288 б.
  15. Дөкенова Н. Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (5-7, 11-сыныптар бойынша): автореферат. – Алматы: Қазақстан Республикасы, 2006. – 30 б.
  16. Елеукенов Ш. Жаңа жолдан: әдеби портреттер, зерттеулер = С новой строки: литературные портреты, исследования. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
  17. Елеукенов Ш. Мағжан Жұмабаев. – Алматы: Білім, 1990. – 53 б.
  18. Елеукенов Ш. Мағжан: өмірі мен шығармагерлігі. – Алматы: “Санат”, 1995. – 384 б.
  19. Ермекова Ж.Б. Мағжан Жұмабаевтың тілдік тұлғасы: филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы: Қазақстан Республикасы, 2010. – 31 б.
  20. Жыр маржаны. Он томдық қазақ поэзиясының антологиясы. Т.3. / құраст. Мереке Құлкенов, Гүлсім Мұқышева. – Алматы: “Мерекенің баспалар үйі” ЖШС, Mereke baspasy, 2014. – 528 б.
  21. Кәкішұлы Т. Мағжан-Сәкен: ғылыми эссе. – Алматы: “Қазақ университеті”, 1999. – 449 с.
  22. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Көп томдық: Ұлығ Түркістан. Т.8 / М.Қ. Қойгелдиев. – Астана: Астана полиграфия, 2008. – 368 б.
  23. Қанарбаева Б. Мағжан Жұмабаевтың поэзиясындағы фольклорлық дәстүр. – Алматы, 1994. – 24 б.
  24. Қанарбаева Б. Мағжан символист. – Алматы: Экономика, 2007. – 287 б.
  25. Махметова А. Мағжан Жұмабаевтың поэзиясындағы фразелогизмдер: дәстүр мен жаңашылдық. – Алматы, 2006. – 28 б.
  26. Мүсілім Базарбаев және қазіргі әдебиеттану мен өнертану мәселелері: Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: Әдебиет және өнер институты, 2007. – 410 б.
  27. Мүтәлиева Р. Мағжан Жұмабаев: Оқу құралы. – “ЭКО” ҒӨФ, 2002. – 40 б.
  28. Оразбек М. Ақындық тұлға табиғаты: (Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт): зерттеу. – Астана, 2002. – 150 б.
  29. Сабирова Ж.Н. Мағжан Жұмабаевтың психологиялық көзқарастары: психология ғылымдарының канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 2005. – 26 б.
  30. Сейфуллин С. Тар жол, тайғақ кешу: роман-эссе. – Алматы: “Өлке”баспасы, 2013. – 544 б.
  31. Сүтжан С. Алаш және түркі руханияты. – Алматы, 2008. – 326 б.
  32. Тайшыбай З. Мағжанның Қызылжары. – Астана: Астана полиграфия, 2008. – 232 б.
  33. Төлепберген Б. Мәңгі жас-Алаш идеясы: публицистикалық зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Алматы баспа үйі , 2008. – 304 б.
  34. Шалдарбекова А.Б. М.Жұмабаев шығармашылығындағы тарихи таным мәселелері. – Алматы: Қазақстан Республикасы, 2008. – 31 б.

***

 

Мерзімді басылым беттерінде:

  1. Алкенқызы С. Мағжанның “Түркістаны”: Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс / С Алкенқызы // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2010. – № 3. – Б.48-50
  2. Ақниязова Н. Мағжан Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасы // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. – 2010. – №9. – Б.93-98
  3. Ақтаев С. Мағжан мен Хамза: Қос қыран, қос құрбан // Ақиқат. – 2009. – №4. – Б.80-85
  4. Бітібаева Қ. Мағжан Жұмабаев // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1993. – № 8. – Б.19-23
  5. Базарова Г.Т. М.Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасы // Әдебиет қазақстан мектебінде. – 2010. – №6. – Б.22
  6. Бораш Б. М.Жұмабаев поэзиясындағы хандар бейнесі: рухани қазына // Ақиқат. – 2010. – № 9. – Б.88-92
  7. Дарыбаева Н. Мағжанның “Түркістан” өлеңі: Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2010. – № 6. – Б.45-48
  8. Дүйсенбекова А. М.Жұмабаевтың “Түркістан” өлеңі // Әдебиет қазақстан мектебінде. – 2010. – №2. – Б.30
  9. Дөкенова Н. “Батыр Баян” поэмасын оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1997. – № 1-2. – Б.30-35
  10. Дөкенова Н. Мағжанның дүниетанымдық көзқарасы // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1996. – №5-6. – Б.97-100
  11. Ерболатқызы Н. Мұхтар және Мағжан шығармаларын оқытудағы байланыс // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1997. – № 5-6. – Б.9-13
  12. Есілханқызы Б. Мағжанның “Сағындым” өлеңі: Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2010. – № 7. – Б.43-45

 

  1. Жетпісбайқызы К. Мағжан поэмаларындағы батырлар бейнесін оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. – 2009. – №12. – Б.119-130
  2. Жұмабаев М. Өнер-білім қайтсе табылар // Ақиқат. – 2009. – № 10. – Б.3
  3. Какабаева З.Б. Мағжан Жұмабаев. “Батыр Баян” // Әдебиет Қазақстан мектебінде. – 2009. – №3. – Б.20
  4. Каметова Р. М.Жұмабаев және А.Блок символизмі // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. – 2016. – №2. – Б.14-21
  5. Кемеңгер Қ. Мағжан Жұмабайұлының “Жас Мағжанға”өлеңінің жазылу тарихы // Шәкәрім. – 2015. – №4. – Б.54-57
  6. Кеңшілікұлы А. Мағжан және өмір // Абай. – 2011. – №1. – Б.44-49
  7. Кәрімжанова Р. Мағжан және Қасым (Тыныстанов) шығармашылығы: жас ғалым зердесі // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2009. – № 6. – Б.95-100
  8. Көкшеұлы С. Мағжан мұражайы: мәдени мұра // Ақиқат. – 2009. – № 1. – Б.103-104
  9. Мағжанның жұмбақ өлімі // Қазақ үні. – 2014. – 11 ақпан. – Б.1,8-9
  10. Омарова Ш. Мағжан Жұмабаев шығармалары // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1994. – № 9-10. – Б.68-73
  11. Рахметова Ж. Сәкен мен Мағжан шығармаларындағы үндестік пен ерекшелік (ХІ сынып): Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2010. – № 3. – Б.39-41
  12. Садықова А.Т. М.Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасы // Әдебиет қазақстан мектебінде. – 2013. – №5. – Б.29-31
  13. Салықбаев Б. Мағжанды пір тұтқан // Ақ Ертіс. – 2009. – №1. – Б.48-53
  14. Сеңкібаев С. Мағжан Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі – ғасырлар тоғысында  // Ізденіс. – 2002. – №2. – Б.165-169
  15. Тайшыбай З. Мағжан ақынның іздері: зерде // Жұлдыз. – 2003. – №4. – Б.124-137.
  16. Хамза Р.О. М.Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасы // Әдебиет Қазақстан мектебінде. – 2012. – №4. – Б.39-40
  17. Хусайнова Ж. Мағжан Жұмабаев. “Қазақ тілі”: 6-сынып // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2009. – № 9. – Б.125-128
  18. Қаби Н. Мағжанның жұмбақ өлімі / Н. Қаби, Ө Ахметов // Қазақ үні. – 2014. – 11 ақпан. – Б.9
  19. Қазмағамбетова З. Мағжанның бір қыры // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1995. – № 5. – Б.69-72
  20. Қарамендина М. Алты Алашты Тұран әлемі // Алаш. – 2009. – №4. – Б.58-62

Интернет сілтемелер:

https://www.zharar.com/kz/referat/1529-m.html