Торайгыров Султанмахмут (1893 – 1920)

12Торайғыров Сұлтанмахмұт – ақын, ағартушы, Алаш партиясының Семей облыстық комитетінің мүшесі. Ақын 1893 жылы бұрынғы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. Алғаш әкесінен хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды.

1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі. Бір жыл оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып
қалады. 1912-1913 жылдары «Оқып жүрген
жастарға», «Тәліптерге» («Шәкірттерге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Мағынасыз мешіт», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Жазғы қайғы», «Кешегі түс пен бүгінгі іс» т.б. өлеңдері мен «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазады.

1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан С.Торайғыров
«Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасады. 1914 жылы жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін «Шоң серіктігі» ұйымын  ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспайды. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барады. 1916-1917 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. 1917 жылы Ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы, Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатысады. «Алаш ұраны» өлеңін жариялайды.

«Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің алашты,

Қорлығына бермейміз!

Адамдықтың жолына,

Бастаған ерлер соңында,

Басқаға көңіл бөлмейміз,

Қандай шайтан келсе де,

Алдауына көнбейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Бұл заманға жеттік біз!

Жасайды алаш, өлмейміз!

Жасасын алаш, жасасын!» деп Алаш идеясын жырлайды. Алаш қайраткерлерінің тарихи қызметін бағалап, «Таныстыру» поэмасын арнайды. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлын «бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – айым» деп бағалайды. Поэмада Ә.Ермекұлы, Х.Ғаббасов, Ш.Құдайбердіұлы, Р.Мәрсеков, Н.Құлжанова, Н.Құлжанұлы, М.Поштайұлы, Ә.Молдабаев, И.Тарабаев, Ж.Ақпайұлы, Б.Сәрсенов, С.Сабатаевтардың есімдері аталып, қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. «Әлиханның Семейге келуі» мақаласында Алаш көсемінің тарихи қызметін бағалайды.

Әдебиеттер:

  1. Торайғыров Сұлтанмахмұт / Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Сардар. – 2014. – Б.392
  2. Торайғыров С. 3-томдық шығармалар жинағы. 3-т. – Алматы: Алаш, 2005. – 231 б.
  3. Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 1993. – 280 б.
  4. Торайғыров С. Өлендер, поэмалар. Т.1. – Алматы: Ғылым, 1993. – 280 б.
  5. Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2. – Алматы: Ғылым, 1993. – 200 б.
  6. Торайғыров С. Қамар сұлу. – Алматы: Жазушы, 2009. – 416 б.
  7. Еспенбетов А. Шәкәрім және Сұлтанмахмұт : Ғылыми зерттеу / А Еспенбетов. – Алматы : “Раритет”, 2008. – 240 б.
  8. Оразбек М Ақындық тұлға табиғаты: (Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт): зерттеу. – Астана, 2002. – 150 б.

 Мақалалар:

  1. Важитова Т.А. С.Торайғыровтың “Қамар сұлу” романы // Әдебиет Қазақстан мектебінде. – 2013. – №6. – Б.22-25
  2. Ермағанбетова М. Сұлтанмахмұт өмірі, шығармашылығы. “Мен- қазақ” өлеңі : Қазақ әдебиеті. озық тәжірибе, ортақ әдіс // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2010. – № 8. – Б.39-42
  3. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт архив деректерінде // Абай. – 2015. – №2. – Б.14-19
  4. Еспенбетов А. Реалистік поэма сипаты: “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмалары туралы / А. Еспенбетов // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1993. – № 8. – Б.65-66
  5. Еспенбетов А. Алаштың ақиығы // Қазақ үні. – 2014. – 8 қаңтар
  6. Мұратбай Т. Сұлтанмахмұттың өмірі мен ақындық жолы (ІХ сынып): Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2010. – № 3. – Б.30-36
  7. Секей Ж. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Қамар Сұлу” романының көркемдік ерекшелігі // Шәкәрім. – 2013. – №4. – Б.92-97
  8. Сүтжанов С. Сұлтанмахмұт шығармашылығындағы түрікшілдік: Торайғыровтың туғанына 120 жыл толуына арналған // Шәкәрім. – 2013. – №4. – Б.88-91
  9. Сәбитова І.  С. Торайғыров еңбектеріндегі Алаш азаматтарының бейнесі    // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл. – 2009. – №2-3. –  Б.34-35
  10. Тұрысбеков Р. Мақсаты бір, ойы ортақ: немесе С.Торайғыров пен Ж.Аймауытұлының туыстық, рухани байланыстары туралы // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1993. – № 8. – Б.57-64

Интернет сілтемелер:

https://kk.wikipedia.org/wiki/Сұлтанмахмұт_Торайғыров

https://toraigyrov.psu.kz/biografia.html

Виртуалды энциклопедия http://toraygirov.pavlodarlibrary.kz/index.php