Малдыбаев Мұстақым (1880-1927)

30Малдыбаев Мұстақым  – Алаш қозғалысының қайраткері, ағартушы, журналист. Уфа қаласында Ғалия медресесін бітірген. 1911-1918 жылдары «Айқап», «Қазақ», «Сарыарқа» басылымдарында мақалалары «М.М.», «Азамат Қорықбасов», «Мұстақым Ризабек», «Сәулесе» деген бүркеншік аттармен жариялап отырған. 1911 жылы Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Оқулық» атты кітабы жарық көреді. 1912 жылы Аңдамасов деген азаматпен бірігіп жазған «Қазақша ең жаңа әліппе» деген еңбегі 1912 жылы Қазан қаласында басылған. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Семей облыстық қазақ комитеті құрамына еніп, Семей облыстық қазақ сиезін ұйымдастырушылардың бірі болды. Алаш партиясының Семейдегі комитетін құруда қажыр-қайратын танытады. Азамат соғысы жылдары Алаш атты әскер полкын ұйымдастыру жолында ел ішінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
1918-1919 жылдары Алаштың атты полкін ұйымдастыруға жан аямай кіріседі. Кеңес үкіметі тұсында Семейдегі педагогикалық колледжде, губерниялық халық ағарту бөлімінде жұмыс істеді. Баспасөзде редактор болды. Саяси қуғын-сүргін құрбаны.

Әдебиеттер:

  1. Малдыбаев Мұстақым // Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы. энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Сардар, 2014. – Б.297
  2. Малдыбаев Мұстақым // Алаш. Алашорда: энциклопедия / құраст.: Ғ.Әнес, С.Смағұлова. – Алматы: Арыс баспасы, 2009. – Б.235-236
  3. Көшкiмбаева С. Малдыбайдың Мұстақымы туралы не бiлемiз?: педагог, публицист жайлы // Дала мен қала. – 2004. – 12 наурыз (№ 10). – Б.16
  4. Жәпек М. Жалындап өткен ғұмыр: Алаш ардагерi, мұғалiм, публицист Мұстақым Малдыбаев туралы // Орталық Қазақстан. – 2005. – 16 желтоқсан. – Б.5

Интернет сілтемелер:

https://kk.wikipedia.org/wiki/Малдыбаев_Мұстақым