Ақаев Серікбай Жұмағалиұлы (1880-1937)

Алаш қозғалысының қайраткері Ақаев Серікбай Жұмағалиұлы 1880 жылы Торғай облысы, бесінші ауылында дүниеге келген. Орта білім алған. 1916 жылы Наманган уезінде адвокат қызметін атқарған. Бірінші Жалпықазақ сиезінде Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылған. 1918 жылы Алашорда іс басқармасының бастығы болып, Қоқан автономиясы орталық комитетінің мүшесіне сайланған. Қоқан автономиясы таратылғаннан кейін Семейге келіп, осы қалада Алаш үкіметінде болып, оның бірқатар жұмыстарына атсалысқан. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында Қазақстанның юстиция халық комиссариатында жұмыс істеді. С.Ақбаев 1930 жылы Алматыда заңгер қызметін атқарған. 1937 жылы қайтыс болған.

Әдебиет:

Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы. Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: Сардар. – 2014. – б.21-22