Нұралыханов Сәлімгерей

Нұралыханов Сәлімгерей Зұлқарнайынұлы (т.ж.б., Орал – ө.ж.б.) – Алаш қозғалысының қайраткері. 1899 жылы Санкт-Петербург университетіне түскен. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен I жалпықазақ съезінің Алаш партиясының атынан Бөкей Ордасынан Құрылтай жиналысына қатысуға ұсынылған. 5-13 желтоқсандағы II жалпықазақ съезіне Алашорда үкіметі Халық Кеңесіне мүшелікке кандидат болып сайланған.

Әдебиеттер:

Нұралыханов Сәлімгерей // Алаш. Алашорда. Энциклопедия / құраст. Ғ.Әнес, С. Смағұлова. – Алматы: Арыс, 2009. – Б.257-258