Пікірлер. Ұсыныстар

Құрметті пайдаланушы!

Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналған «Алаш» электронды кітапханасы жобасымен танысыңыз.
Егемендік идеясын алғаш рет іс жүзіне асыруды қолға алған алаштықтардың өмірі мен қоғамдық қызметін, шығармашылығын таныстыру үшін, болашақта халық игілігіне жарарлық жоба деп «Алаш» электронды кітапханасын ұйымдастырдық.
Алаш қайраткерлерінің барлық мұралары мен олардың шығармашылығы туралы басылымдарды, құнды құжаттарды еліміздегі және шетелдердегі кітапханалар мен архивтерден, музейлер мен жеке авторлардың қорынан алып жинастырып, қазақ және орыс тілдерінде сандық форматта Интернет пайдаланушыларына ұсынып, ақпаратқа қолжетімділіктерін арттыруға атсалыстық.
«Алаш» электронды кітапханасының жобасы осымен аяқталды деуге болмайды. Алаш туралы басылымдардың толық мәтініне деген ашық қолжетімділікті арттыру шаралары тереңірек қарастырылатын болады. Электронды кітапханада ұсынылған толық мәтінді басылымдарды пайдаланушылар көшіріп алу мүмкіндігіне ие болуы үшін авторлармен келісім-шартқа отыру, еліміздің және шетелдердің кітапханалары, мұражайлары мен мұрағаттарынан құнды құжаттар мен басылымдарды іздеу жұмыстары жалғаса береді.
«Алаш» электронды кітапханасы жобасы бойынша пікіріңізді айтып, ұсыныстарыңызды білдірсеңіздер, ризалықпен қабылдап, іске асырудың бар мүмкіндігін қарастыруға дайынбыз. Өз пікірлеріңізді semeybib@yandex.kz поштасына «Алаш. Пікір» тақырыбымен жолдауларыңызды сұраймыз. Сіздің пікіріңіз бен ұсынысыңыз біз үшін өте маңызды.