Бірімжанов Ахмет (1871-1927)

05

Бірімжанов Ахмет Қорғанбекұлы – қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі. Бірімжанов Ахмет 1871 жылы бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезінде 1871 жылы туған. 1891 жылы Орынбор гимназиясын, 1899 жылы Қазан университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. 1899 жылы Орынбор гимназиясын, 1899 ж. Орынбор, Троицк округтік, Ақтөбе, Торғай, Бұзылық уездік соттарында қызметте. Халық ортасында әділдігімен көрінген қайраткер Торғай облысынан 1906-1907 жылдары Ресейдің І және ІІ Мемлекеттік Думаларына депутат болып сайланған. Думада ол мұсылман фракциясының белсенді мүшесі болған. Фракция төрағасының орынбасары қызметін атқарған ол ұлт аймақтары мен қазақ халқының мүддесін қорғаған. І Думаның мәжілісінде қазақ депутаттарын аграрлық комиссияға енгізу туралы мәселе қойған. 1906 жылы Қазақ даласына заңсыз орналасушылар мен олардың орынсыз басып алынған жерлері туралы бір топ қайраткерлермен бірге Министрлер кеңесіне сұрау салады. ІІ Думада қазақтың жеріне байланысты нақты мәселе көтеріп, мұсылман фракциясының қатысуымен аграрлық заң жобасын даярлауға қатысқан. Ресей мемлекеттік Думасына Торғай облысы атынан екі рет депутат болып сайланып, Алаш идеясына байланысты ең өзекті жер, мемлекеттік құрылым, жергілікті билеу, сот тәрізді маңызды мәселелерді Дума мінберінен көтере білді. 1917 ж. көктемнен Уақытша үкіметтің Қостанай уездік комиссары.  II Бүкілқазак сиезінде Алашорданың Ұлт Кеңесінің құрамына сайланады. Сол жылы желтоқсанда Алаш партиясы Торғай облыстық комитетінің 14 мүшесінің бірі. 1918-1920 ж. Семейде заң кеңесшісі. 1920-1926 ж. Орынбор мен Қызылордада Қазақ АКСР Ішкі істер, Заң халық комиссариатында, Жоғарғы Сот Төралқасында кеңесші, алқа мүшесі, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. А.Бірімжанов Алаш партиясының көрнекті қайраткері ретінде оның Жарғысын жасауға да тікелей атсалысты. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 1927 жылы қайтыс болған, асыл сүйегі сондағы Волков қорымының мұсылман бөлігінде жерленді.

Әдебиеттер:

  1. Әбдешев М. “Алаш Орда” министрлігі / Министры “Алаш Орды” . – Алматы, 2008. – 114 с.
  2. Бірімжанов Ахмет // Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Сардар, 2014. – Б.133-134
  3. Бірімжанов, Ахмет. Ленинградта дүниеден өтті: тарихтан тәбәрік // Айқын апта. – 2007. – 8 наурыз. – Б.7
  4. Дулатова Г. Алаштың сөнбес жұлдыздары. – Алматы: Мектеп, 2012. – Б.149-153
  5. Жырақта қалған бабалар// Дарабоз. – 2014 . – №1. – Б.74-81
  6. Қарабала Е. Ахмет Бірімжанов  // Қазақстан патриоты. ­ – ­ – №2. -­ Б.7
  7. Құл-Мұхаммед М. “Алаш” бағдарламасы: қиянат пен ақиқат. – Алматы: Атамұра, 2000. – 240 б.
  8. Құрманбеков Б. Дума депутаты Ахмет Бірімжанов. – Ақтөбе: “А-Полиграфия”, 2013. – 112 б.
  9. Құсанбек Б. Бір сәт және бүкіл ғұмыр. – Алматы, 2012
  10. Озғанбаев Ө. Дала және Түркістан өлкелерінен Ресей мемлекеттік Думасына депутаттыққа сайланған қайраткерлер тағдыры // Ақиқат. – 1997. – № 11. –  Б.13-17
  11. Төлепберген Б. Мәңгі жас-Алаш идеясы. – Алматы: Алматы баспа үйі, 2008. – Б.140-141
  12. Шотанов Қ. 1905-1907 және 1917 жылдардағы революциялық оқиға мен өзгерістің қазақ өміріне ықпалы // Жалпы тарих және құқықтану мектепте, колледжде және ЖОО-да = Всеобщая история и правоведение в школе, колледже и ВУЗе. – 2015. – №1. – Б. 15-18
  13. Ырысбек А. Алаштан шыққан алғашқы депутаттар // Қазақ үні. – 2014. – 26 желтоқсан. – Б.10

Интернет сілтемелер:

https://kk.wikipedia.org/wiki/

https://ru.wikipedia.org/wiki

http://alash.semeylib.kz/