Абылаев Айтқали

Алашорда қозғалысының көрнекті өкілі Абылаев Айтқали Орал облысы Жымпиты уезінде туған, туған жылы белгісіз. Батыс Алашорда офицері, қазақтың алғашқы ұлттық әскери кадрларының бірі. Ақпан төңкерісі қарсаңында Орал реальдық әскери училищесін бітірген. 1918 жылы жазда болыстық орыс-қазақ мектептерінде орыс азаматтық білімін алған қазақ жастарының әскери командалық құрамын әзірлеу мақсатында құрылған қазақтың тұңғыш ұлттық әскери мектебінің алғашқы түлектерінің бірі. Алаш милициясының кұрамына алынып, әскер жасақтауға қатысқан және халық арасынан әскерге қажетті салық жинаушы жүздікті басқарған. 1918 жылы Жымпитыдағы Алаш горнизонын басқарды. Большевизмге қарсы күресуге қатысты құрылған комиссияның құрамында болған. 1919 жылы Қызыл Армияның Чапаев дивизиясының 443-бекініс батальонын қолға түсіру операциясына қатысты. 1920 жылы Орал губерниясының несие мекемесінде, ал 1930 жылдың жазында Түркістанда түрлі қызметтер атқарды. 1934 жылы Алматыда Алаш офицері ретінде тұтқындалып, Орал қаласына апарылып, 1936 жылы 8 жылға бас бостандығынан айырылған. 1931 жылы ату жазасына кесілген.

Әдебиет:

Алаш. Алашорда: Энциклопедия / Құраст.: Ғ.Әнес, С.Смағұлова.- Алматы: Арыс баспасы, 2009.- б.14