Боштаев (Поштаев) Мұқыш (1897 – ө.ж.б.)

Боштаев (Поштаев) Мұқыш  – Алаш қозғалысының қайраткері, белгілі заңгер. 1897 жылы бұрынғы Семей облысы, Павлодар уезінде дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. Қазан университінің заң факультін 1917 бітірген. Уақытша үкімет тұсында Павлодар уезінде сот төрағасы болды.

М. Боштаев 1916 жыл оқиғаларынан қалыс қалмады. Ол басқа студенттермен бірге тыл жұмысына аттанған қазақ жігіттеріне жәрдем беру қажеттігі туралы «Қазақ» газетіне жариялайды. Тылдағы адамдарға материалдық, заңнамалық және рухани қолдау берген «Земство одағын» ұйымдастыруға ат салысады. Оны Ә. Бөкейханов және басқа да Алаш қайраткерлері ерекше атап өткен. Ол туралы Ә. Бөкейхановтың «Мәскеу хаты» мақаласында ерекше айтылған. «Сарыарқа» газетіне де мақалалар жариялаған.

Семей облыстық қазақ комитеттерінің жұмыстарына белсенді түрде атсалысты. I жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына Алаш партиясы атынан депутаттыққа ұсынылды. II жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрамына мүшелікке кандидат болып сайланған. Семей облыстық және қалалық кеңесінің атқару комитетіне 1918 жылы 22 – 23 наурызда болған жиылыста сот ісі бөліміне мүшелікке енгізілген. Өлген жылы белгісіз.

Әдебиеттер:

  1. Алаш. Алашорда: энциклопедия / құраст: Ғ.Әнес, С.Смағұлова. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – Б.120
  2. Қазақстан: ұлттық энциклопедия / бас редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998.
  3. Шаяхметов, Н. Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін. – Алматы, 2001.
  4. Казахстан: национальная энциклопедия.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004. – Боштаев Мукыш: Б.449
  5. «Алаш» қозғалысы: құжаттар мен материалдар жинағы, сәуір 1901 ж. – желтоқсан 1917 ж. Т. 1. – Алматы, 2008.
  6. Алаш. Алашордаі: энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. – Алматы : Арыс баспасы, 2009. – 544 б. – Боштаев (Поштаев) Мұқыш: Б.107
  7. История Казахстана: энциклопедический справочник.- Алматы: Аруна, 2010. – Боштаев Мукыш. – Б.120
  8. Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Боштаев (Поштаев) Мұқыш: Б.280

Интернет-сілтемелер

https://kk.wikipedia.org/wiki/Мұқыш_Боштаев

http://imena.pushkinlibrary.kz/kz/d-alashkz/1617-.html