Ескерткіштер, мүсіндер, бюсттер

Аймауытов Жүсіпбек  

 

  2014 жылы Павлодар қаласында Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдық мерейтойына орай ескерткіш ашылды.  Мүсіннің биіктігі 3,6 метрді құрайды. Ал тұғырымен бірге биіктігі – 7,6 метр. Ж.Аймауытовтың ескерткіші қоладан құйылған, тұғыры қою қара түсті жылтыр граниттен соғылған. Ескерткіштің авторы:  астаналық мүсінші Ермек Тоқтаров

 

 

 

  1911-1913 жылдары  Жүсіпбек Аймауытов оқыған Павлодар қаласындағы бұрынғы Орыс-қырғыз екіжылдық училищесі ғимаратына  1989 жылы мемориалды тақта қойылды

 

 

Ақбаев Жақып
 p4 Қарағанды қаласының орталығында ауданаралық экономикалық соты ғимаратының алдында  Жақып Ақбаевтың ескерткіші ашылды. Ескерткіштің  көлемі 1,5. ғ. к. в. Н-1,1 м, құйма, қола, тұғыры қара керамогранитпен қапталған. Авторы Д.Ержанов

 

 

 

  1998 жылы Қарағанды облысы,  Ақтоғай ауданының орталығында осы өңірдің тумалары “Үш арыс” –  Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев пен Әлімхан Ермековке  ескерткіш орнатылды.  2013 жылы монументтің айналасы абаттандырылып,  “Алаш алаңы» ашылды

 

Әйтиев Әбдірахман  

 

  2011 жылы Орал қаласының Еуразия және Әйтиев көшелерінің қиылысында Әбдірахман Әйтиевке  ескерткіш орнатылды

 

 

Әлжанов Отыншы  

 

 p6  2016 жылдың  11 тамызында Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының орталығында  Отыншы Әлжановтың  ескерткіші ашылды
 Әлниязұлы  Тобанияз
 p7 Ақтау қаласының Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті маңында  Тобанияз Әлниязұлына ескерткіш орнатылды
 Байтұрсынов Ахмет   

 

 p8 2010 жылы 24 қарашада Ресейдің Оренбург қаласында  Ахмет Байтұрсынов  1913-1918 жылдары тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

 

 

 p9 Алматы қаласының  Байтұрсынов   пен  Жамбыл көшесінің қиылысындағы 1930 жылдары Ахмет Байтұрсынов тұрған үйде өзінің мұражай-үйі ашылып, ауласына ескерткіші орнатылды. Жанындағы саябақ Ахмет Байтұрсынов атымен аталады

 

 

 p10 Қостанай қаласында 2000 жылы   ашылған Ахмет Байтұрсыновқа арналған  ескерткіште ағартушы, ұстаздың стол басында хат жазып отырған бейнесі сомдалған.

Мүсіннің биіктігі 2 метр. Бейнесі мыстан құйылған, орнатылған тұғыры гранит тастармен қапталған.

Мүсінші: С.Досмағамбетов

 p11 2004 жылы Шымкент қаласында Ахмет Байтұрсыновқа ескерткіш орнатылды
  1990 жылы Қостанай облысының Торғай ауданында  Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың  монументті ескерткіші ашылды.

Авторы мүсінші Хакімжан Есімханұлы Наурызбай

 

 

 

   2016 жылдың 5 қыркүйегінде Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 144 жыл толуына орай туған жері Қостанай облысы, Әулиекөл ауылында ескерткіші орнатылды

 

 Бөкейханов Әлихан 
  1998 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының орталығында осы өңірдің тумалары “Үш арыс” –  Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермековке  ескерткіш орнатылды. 2013 жылы монументтің айналасы абаттандырылып,  “Алаш алаңы» ашылды
 p14 2008 жылдың 4 қарашасында Семей мемлекеттік Шәкәрім атындағы университетінің ғимараты алдына Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші орнатылды

 

 

 

 

 

  Әлихан Бөкейхановтың туған жері Ақтоғай ауданында Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектеп ғимаратының алдына  «Алаш» партиясы көшбасшысының ескерткіші орнатылды. Гипстен жасалған мүсінді Қарағанды Суретшілер Одағының шеберханасында дайындады.

Авторы:  Виктор Арент.

Мүсіннің биіктігі тұғырымен санағанда шамамен 3 метр

  Санкт-Петерборда 2016 жылы Әлихан Бөкейхановтың бюстін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясына тарту ету салтанаты болды. Бюст Ресейдің алғашқы Думасының отырысы өткен Таврия сарайындағы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының штаб-пәтеріне қойылды. Мүсінді жасаған Өмірзақ Шаңов

 

  2011 жылы 28 қазанда Әлихан Бөкейхан мен Нығмет Нұрмақұлының басына ескерткіш-тақта орнатылды. Қазақ халқының 1937 жылы 27 қыркүйекте атылған айбынды ұлдары Мәскеу қаласындағы Донское зиратында №1 ортақ қабірге жерленген.

Қарқаралы топырағында туып, Мәскеуде топырақ бұйырған екі арыстың белгі-тақтасына аты-жөнімен қатар, Қарқаралыдан шыққан  ұлт ақыны Қасым Аманжоловтың бір шумақ өлеңі жазылған

  2017 жылдың 22 қыркүйегінде Семей қаласында «Алашорда» үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш орнатылды.
Еркерткіштің биіктігі 3,5 метр, орнатылған тұрығы 2 метр.
Ескерткіш скульптор Бақытбек Мұхаметжановтың эскизі бойынша жасалған.

 Досмұхамедов Жаһанша
  Орал қаласында  Жаханша Досмұхамедовқа ескерткіш орнатылған

 

 

 

 

 

  Қостанай қаласындағы «Алаш» аллеясында Алаш арыстарының 20 мүшесіне бюст қойылған, солардың бірі  – Жаханша Досмұхамедов

 

 

 

  1997 жылы Батыс Қазақстан облысы,  Сырым  ауданында С.Датов  көшесіндегі  қазіргі Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ғимараты сыртына «Жаһанша  (Жанша) Досмұхамедов 1917-1920 ж.ж. Жымпиты уезінде Алашорда үкіметін басқарған» деген жазулы мемориалды тақта қойылған
 Досмұхамедов Халел   

 

  2003 жылдың  25 желтоқсанында Атырау мемлекеттік

университеті №1 оқу ғимараты  алдына  Халел Досмұхамедовтың ескерткіші  орнатылды.  Авторы: мүсінші  Дәулет Бектеміров

 

 Дулатов Міржақып
  Қостанай облысы, Жанкедин ауданы, Кызбел ауылында  Міржақып Дулатовтың ескерткіші орналасқан.

Биіктігі: 4 метр.

Авторы:  осы елдің тумасы, облыс өңіріне белгілі мүсінші, суретші, Қостанай қаласының тұрғыны Мұқаш Рахалиев

 

 

  1990 жылы Қостанай облысының Торғай ауданында  Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың  монументті ескерткіші ашылды.

Авторы:  мүсінші Хакімжан Есімханұлы Наурызбай

 

 

 Ермеков Әлімхан
  1998 жылы Қарағанды облысы,Ақтоғай ауданының орталығында осы өңірдің тумалары “Үш арыс” –  Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермековке  ескерткіш орнатылды. 2013 жылы монументтің айналасы абаттандырылып,  “Алаш алаңы» ашылды
 Жұмабаев Мағжан 
  2012 жылы Конститутция күні қарсанында Петропавловск қаласының темір жол бекеті алаңына Мағжан Жұмабаевқа ескерткіш  орнатылды

 

 

 

 

 

 p22 1993 жылдың тамыз айында  Мағжан Жұмабаевтың 100 жылдық мерейтойы қарсанында ақынның өз атымен аталатын Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің алдына ақынға арналған ескерткіш орнатылды. Авторы:  мүсінші Марат Әйнеков. М.Жұмабаевтың отырған бейнесінің биіктігі 3 метр. Ақынның иығында ұшқыр ойдың нышаны – қаршыға. Ақын ой үстiнде, оның ойы болашаққа бағытталған. Мүсiн қоңыр түстi күртi гранитiнен жасалған. Ескерткіштің тұғырында  “Мағжан Жұмабаев. 1893-1938” деген жазу бар
 p23  2000 жылы Мағжан Жұмабаевтың туған жері, қазір ақынның өз атымен аталатын  ауданның орталығы Булаевода М.Жұмабаевтың бюсті орнатылды. Мүсіннің авторы аты Қазақстанда ғана емес шет елдерге де белгілі мүсінші  Азат Баярлин

 

 

  2003 жылы Мағжан  Жұмабаев ауданы, Сарытомар ауылындағы ақын мұражайының ауласына ақын ескерткіші орнатылды

 

 

 

 

 

  Шымкент қаласында Мағжан Жұмабаевтың  бюсі орнатылған

 

 

 

 

 

 

  Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев ауданы Сарытомар ауылында Жұмабаевтардың рулық тасы орнатылған

 

 

Қараш Ғұмар  

 

 p31 Батыс Қазақстан облысы, Қазтал ауданы, Қараоба ауылындағы Ғұмар Қараш ескерткіші.

 

 p32 1992 жылы Батыс Қазақстан облысы,  Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында Ғұмар Қарашқа ескерткіш орнатылған. Авторы: И.М.Айдынов. Тұғырнамасына  «Ғұлама ғалым, ұлы ойшыл, ақын Ғұмар Қараш /1875-1921/» сөздері жазылған. Сары граниттен жасалған ескерткіш үш сатылы  мәрмәр плитамен қапталған тұғырға орнатылған.  Ескерткіштің  жалпы биіктігі  2,5 метр, бюстің биіктігі 1 метр.

 

 Қаратаев Бақытжан 
 p30 Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Сарылжың ауылындағы мектеп ауласына Бақытжан Қаратавқа бюст орнатылған

 

 Қожанов Сұлтанбек 
 p33 Сұлтанбек Қожановтың Қызылорда қаласындағы ескерткіші 2005 жылдың 17 қазаны күні, №6 арнайы мектеп алаңынан  ашылды. Ескерткіш авторлары: Жаркен Исмағұлов, Аман Кененбаев

 

 

 

 

 p34 Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының орталығында орналасқан Қожанов мұражайының ауласына қайраткердің ескерткіші орнатылды

 

 

 

 

Қосшығұлұлы Шаймарден

 p35 2015 жылдың қыркүйегінде Ақмола облысы, Еңбекшілер ауданы, Қоғам ауылындағы орта мектеп төрінде осы ауылдың тумасы Алаш ардақтысы Шәймерден Қосшығұлұлының ескерткіші салтанатты түрде ашылды

 

 

Құдайбердиев Шәкәрім

 

 p36 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті бас ғимаратының алаңына 1999 жылы ақын ескерткіші орнатылды.  Ескерткіштің авторы жерлесіміз, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Мұратбек Жанболатов. Мүсін қара мәрмәр тастан қашалған.

Ескерткіштің биіктігі 2,07м

Тұғырының биіктігі 2,13 м

 

 p37 Шәкәрім ескерткіші 2008 жылы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Семей қаласының орталық саябағынан ашылды.

Авторы: Қазтай Нарысов, сәулетшісі Шотаман Уәлиханов. Жобаның құны – 50,0 млн. теңге. Ескерткіштің биіктігі – 4.7 метр,  салмағы – 9,0 тонна

 840 1996 жылы  Абай және Шәкәрім кесенелері  ШҚО, Абай ауданы, Жидебай қонысынды ашылды. Авторлары: Б.Ибраев, С.Ағытаев, А.Қарпықов.

Қабырға тағанының өлшемі: ұзындығы – 200 метр, көлденеңі – 65 метр, биіктігі – 5 метр. Абайға арналған мұнараның тұрқы – 32,5 метр, ал шеңберінің шарені – 12 метр, Шәкәрім қажының мұнарасының тұрқы да, шарені де ағасыныкінен 1 метрге кем, яғни – 31,5х11м

 Меңдешев Сейітқали
 6 1986 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Мәстексай ауылында  С.Меңдешев атындағы мектептің ауласына Сейітқали Меңдешевке бюст орнатылған

 

 Нұрмақов Нығмет 
 12 Алматы қаласындағы Нұрмақов көшесіне орнатылған ескерткіш тақта

 

 

 

 

   2011 жылы 28 қазанда Әлихан Бөкейхан мен Нығмет Нұрмақұлының басына ескерткіш-тақта орнатылды. Қазақ халқының 1937 жылы 27 қыркүйекте атылған айбынды ұлдары Мәскеу қаласындағы Донское зиратында №1 ортақ қабірге жерленген.

Қарқаралы топырағында туып, Мәскеуде топырақ бұйырған екі арыстың белгі-тақтасына аты-жөнімен қатар, Қарқаралыдан шыққан  ұлт ақыны Қасым Аманжоловтың бір шумақ өлеңі жазылған

 Сәдуақасов Смағұл 
 з30 1994 жылы Смағұл Сәдуақасов атындағы Кокшетау ауылшаруашылық институтының алдына мемлекет және қоғам қайраткерінің ескерткіші қойылды. Ескерткіш гипстен құйылған, биіктігі 2 метр. Авторы мүсінші М.Бурмаганов

 

 Торайғыров Сұлтанмахмұт 
  Павлодар қаласында академик Сәтбаев көшесінде ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш орнатылған. Ақынның қарағай жанында тұрған қола мүсінінен дайындалған ескерткіш қызыл және қара гранитті тасқа  орналастырылған. С.Торайғыров жастарға лайық, ақын-лирик және романтик ретінде бейнеленген. Қасірет элементтері тұғыр  шешімін толықтырады, олар қызыл және сұр граниттің үйлесімі және екі кішкентай пирамида түрінде жасалған архитектуралық нысандар. Пирамидалар, егер ақын ұзақ өмір сүрсе, ол қазақ әдебиетінде биік шыңға жетерін мегзейді. Ескерткіш 2009 жылы Ак. Сәтбаев көшесі бойындағы фонтан жанына көшірілді. Мүсін авторы – ҚР өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Есхан Сергебаев

http://culturemap.kz/

 a2 2003 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанындағы саябаққа Павлодар облысының атақты 9 тумаларына ескерткіш орнатылды. Солардың арасында С.Торайғыровтың да ескерткіші  бар. Бұл экспозиция ағартушылар мен академиктер мүсіндері саяжайы деген атау алды
 Тынышпаев Мұхамеджан
 a3 Сарқанд қаласының орталық аланыңда 2007 жылы М.Тынышбаевтың ескерткіші ашылды

 

 

 

 

 

 

 a4 Алматы қаласында Мұхамеджан Тынышбаевқа қойылған  бюст

 

 

 

 

 

 

  Алматы облысы, Самарқанд ауданы, Қарғалы ауылындағы Мұхаметжан Тынышбаевтың  ескерткіші

 

 

Шоқай Мұстафа

 a6 Францияның Ножан Сюр Марн қаласында белгілі қоғам қайраткері М.Шоқайдың ескерткіші ашылды. Ескерткіш тұғырының биіктігі – 120 см,  бюстің бйіктігі – 55 см. Тұғырында аты-жөні мен туған және қайтыс болған жылдары қашалып жазылған. Төменіректе француз тілінде «Азаттық қозғалысының көшбасшысы» деп жазылған. Авторы: А.Кененбаев
 a7 2005 жылдың 17 қазаны күні Қызылорда қаласындағы М.Шоқай атындағы №187 орта мектептің ауласында Мұстафа Шоқайдың ескерткіші ашылды. Авторы: мүсінші  Мұратбай Үмбетов

 

 

 

 

 

 a8 1991 жылы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында (қазіргі М. Шоқай ауылы) М.Шоқайға ескерткіш орнатылды. Ескерткіш гипстен құйылып, сырты мыс қаңылтырмен қапталған. Биіктігі – 2,5 м, тұғырының биіктігі 2 м

 

 

 a9 Қызылорда қаласында облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Мұстафа Шоқайдың ескерткіші жасалынды. Алып ескерткіштің биіктігі – 6 метр

3 натуралық өлшемде, қола материалынан құйылған. Авторы – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Көшер Байғазиев

 a10 Берлиндегі Мұстафа Шоқай бейітіне қойылған құлпытас